Қостанай облысында жол апатынан көлік жүргізушісі қаза болды

Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

 Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты Қостанай –Әулиекөл – Сұрған тасжолының 190 шақырымында болған.

ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан ВАЗ көлігінің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...