Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Бұл туралы ақпарат әуежайдың ресми сайтында пайда болды.
Әуежай қаладан екі шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр. Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан астам адам пайдалана алады.
Қостанайда алғашқы әуежай 1937 жылы салынған болатын. Қазіргі әуежай алғашқы кезде көлік авиация полкіне қызмет етті. Одан кейін 2018 – 2019 жылдары қайта жөндеу жұмысы жасалып, ұшақтың ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрден 2 814 метрге дейін ұзарып, ені 60 метрге дейін кеңейіп, жолаушыларға қызмет ете бастады.
Фото: ҚазАқпарат