Өздеріңіз естігендей Сабыр ақсақалдың айтқан сөзі елдің амандығы, халықтың тыныштығы, сол жағы биліктің назарында болып көңіл бөлсе дегені. Оған себеп осы ауылда жылдан асып кетті бір фермадағы ірі қара шығынының себебін анықтап, кінәлі кім екенін айту қиынға соғып келеді. Сіздердің де маған қояр талаптарыңыз сөзді қой, айтқанды тыңда дегелі отырсыздар. Оны қазірдің өзінде сезіп отырмын. Маған совхоздың малы қымбат емес, ағалар мен інілер сіздер қымбатсыздар. Сіздердің ақылдарыңызды тыңдап қояйын, берген арызымды қайтып алайын, бірақ үкімет кем малын іздеп жазықсыз біреулерді кінәлі деп жазалары анық. Сонда оларды кім қорғайды деп ойлайсыздар? Жақсы сіздердің өтініштеріңмен арызымды қайтып алам, бірақ мына шіркін мен биліктегілер жазықсыз жандарға жаза кесері анық. Осымен бәрі бітсін деуімізге бола ма? Ендігі бір айтар ойым ешкім көктен түскен жоқ, қай‑қайсымыздың жаратылысымызды, туғанымызды көріп, алған тәлім‑тәрбиемізді сіздер білесіздер. Ағалар сіздердің көз алдарыңызда өстік. Мына отырған Тентек ертең ұмыттыра беріп басқаша күйсері анық. Сонысын көріп, өкінетін жағдайлардың болары анық.
Оны келесі күн қалаға барып, тапсырған жұмысымды білуге барғанымда, Тентектің маған қарсы іс әрекетін сонда естідім. Ол азаматқа Торғайға қайтуға көлік сұрай барып, айтқан әрекетін естіген едім. Сен ол туысқа осылай жасаймын десең, мен былай жасадым деп жоғарыдағы Айдарханға айтқан сөзің, осыны білесің бе деп маған ескертуің екен. Ол ағайынның туыстығы біле білсең саған жақын еді. Сол жақыныңа істеген жанашырлығың осы болды. Дәл осы кезде ауылдағы мектепте директордың үстінен арыз болып, тиыш жату саған қиын болса керек. Соны тексеріп тергеуге араласып тірлік жасадың. Бір сүйретпеңді қалалық білім бөліміне басшы етіп орналастырып, соның жұмысын Торғайда жатып сен атқардың. Ол жазылған арыздың аты жөні жоқ, домалақ арыз. Тексеруге Нұротаннан Хамзин, Білім бөлімінен Әубәкіров келді. Мұғалімдердің айтуы бойынша, телефон арқылы біраз мұғалімнен Тентек жауап алып сұрағаны айтылды. Осыны естіп Әубәкіровке менің айтқаным:
‑ “Бір ауылдың иті, бір ауылдың қотанына келіп үрмейді” деген атадан қалған сөз бар еді. Басқару қолыңнан келмейді екен несіне мұнда келдің? Көкеңді осылай қалтаңа салып жүріп жұмыс істейтін болсаң “ұқсамаса тумағыр” кімді көгертіп не істейді деп, ел аузынан көп естіген ескі әңгімелер еске түсіп, көп ойдың жетегіне еріп өткен күндердің біразын оймен көз алдымнан өткізіп, өзімше бақылау жасадым. Сенің ісіңнен, ниетіңнен анық сезе бастағандай болдым. Елдің айтатын сол ойлары рас екендігіне көзім анық жеткендей болып, ұқсамасаң тумағыр,шын ұқсап туған екенсің, ‑ ұнатқан кісіңе астыңдағы атыңды мінгізіп жіберетін жомарттығың барына көзім анық жеткендей болдым.
Біз екеуміздің арамыздағы ренішке назар аударып, ықылас білдіргендеріңізге рахмет! Елден, жұрттан ұят деп келіп отырсыздар? Сіздер солай ойлағанмен, мына ініңіз де ұялатындай ой онда жоқ. Осы естеріңізде болсын! Бұның ертеңгі ойы басқаша болары анық. Осы жағын ертерек естеріңізге саламын. Жан аға осы сөзді естіп. Дұрыс қой, Сабыр айналайын! Бізді сыйлап не айтсаңызда көндім деп отырсың. Сондықтан саған қояр ешқандай кінәміз да, ренішіміз де жоқ. Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс? екенін ел біліп, халық бағасын беріп жатыр. Осы сөз кеп, күнде тексеру елдің тыныштығын қашырып, жұмыс істеуге деген халықтың ынта‑ықыласын төмендетіп, соның кесірінен совхоз басшысы да өз еркімен жұмыстан кеткелі отырғанын көпшілікке айтып қалды. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді дегенің осы болса керек. Бір кісінің ісі, бір ауылға ауыр жүк артып отыр. Бұл жай ғана айтып қоя салатын іс емес, үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұнда өзіміз отырған жердің тағдыры мен тірлігі жатыр. Соншалықты қаншама зиян келіп, шаруашылыққа кері әсерін тигізіп жатыр, осыны да ойлағанымыз жөн. Тентек сен осы жағдайды да ойлауың керек еді, ол жағы жайына қалды. Сен ағаларыңның сенуіне күмән тудырып отырсың.
Жалпы суға кеткен ірі қара бір, не он бас емес, айтуға ыңғайсыз көп бас, айдың‑күнінің аманында жүздеген бас қалай кетеді? Соны бір сәт ақылға салып ойлайықшы. Қалай ойласақ та адам сенер іс емес. Жоғарғы басшылар арам малдың пайдасын бірге көріп, бірлесіп ақылмен жасады деген ой еріксіз ойға оралады. Жәй отырған кісіге соншалықты көп мал қырылып жатқаны қорқыныш тудырары анық. Ондай ой малшы мен басқарушының да бірінде де болмаған. Осының өзі ұрланғанын, есепсіз жұмсағанын анық көрсетіп отырған жоқ па? Бұл жағына ой жүгіртіп, жасырын әрекетті ашайық деген ниет билікьің де, басқаның да түсіне кірмеген сияқты. Шын тергеп қылмыстың ізін табайын деген ой болса, тексеру тергеу өз дәрежесінде жүрсе, бұлай ұзаққа созылмаған болар еді. Халықтың да шындықтың жоқтығына көздері жетті. Бұл бөлімшеге осындай ұйымдасқан қылмыс жасауға ауданның бірінші хатшысы мен аудандық полиция басшысы жол ашып қойған сияқты деген ой туады. Осы бөлімшеге жаңа грузо такси беріп қойған. Ауыл мен облыс орталығына дамылсыз қатынап жатады. Оны тоқтатып еш Май қызметкері ұстамайды. Үнемі жол ашық, кез келген жерге еркін кіріп ,шығып жатады. Ірі қараның есепсіз суға кетуіне осының да себебі болар. Қысқасы мал дамылсыз тасымалданып жатқанын ел анық сезеді.
‑ Мүтталі Нұрғалиұлы, айтқан ренішіңіз өте орынды. Оны толық түсініп отырмыз. Сөз ретіне қарай мына бір сұрақты қойсақ. 1972 жылдың қыркүйек айының орта кезінде қар аралас қатты жауын болды. Сол кезде қырқылған қойлар үшін, көптеген қиын жағдайдан аудан бойынша үлкен мал шығыны болып, шаруашылыққа қолайсыз жағдай туғызды. Сіздің басқарған шаруашылық ешқандай шығынсыз аман өтті. Бұл жетістігіңіз жоғарғы басшыларға жақпай отырған жоқ па?,- деген ой туады. Сол жағын түсіндіре кетсеңіз.
‑ Иә, бұл сұрағыңыз өте орынды. Бұл жөнінде ешқандай сақтанайын деген бөтен ой бізде болған жоқ. Аудан бойынша мал шығынының болғаны анық. Бір совхоздар да өте көп, енді біреуін де орташа шығын болған. Солармен салыстырғанда бізде аз екені байқалды. Ол аз шығынды өзіміздің малымызбен түгендейміз, өлім-жітім бермейміз деген, бірінші бөлімше басқарушылары Кәрімов Тиыштық, үшінші бөлімше басқарушысы Кәрімов Қайпен шығын жоқ шопандардың айтқан жауаптары осындай. Шопандар үкіметтен өтемақы алмай, аз шығынды өзіміз жабамыз деген. Бұл жөнінде біздің ешқандай араласымыз болған жоқ. Сіздердің осы тазалықтарыңыз жоғарғы билікке ұнамаған болар деп ойламайсыз ба? Біз сіздің жақпай жүргеніңіз осыдан деп ойлаймыз. Сіздер тап-таза болып шыға келіңіздер. Басқа совхоздарда өтемақы төленіп жауапқа іліккендер болған.
Мұғалімдердің тамыз маслихатына шақырып, соған қатыстым. Аудандық білім бөлімін ширек ғасырдан аса басқарып келе жатқан, елге сыйлы, қадірменді ұстаз Ғазиз Әмірханұлы болатын. Жиынды өткізуші президиум мүшелерін хабарлап, сахна төрінен орын алуға шақырды. Сол құрамда М. Нұрғалиұлы да болып, барып орынға отырды. Жиналыс басқарушы алғашқы кіріспе сөзін айта келіп, жаңа оқу жылын үлкен жетістік, қуанышты жағдайда бастағалы отырмыз. Ол қуанышымыз Көкалат ауылында Албарбөгет орта мектебі, екі қабатты талапқа сай типтік жобадағы мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сов директоры Мүтталі Нұрғалиев деп оны орнынан көтеріп, мектеп үшін, оқушылар үшін, жасалған үлкен құрмет. Бұл ісі Нұрғалиевтің ауданымыздың барлық совхоз басшыларына үлгі болады деп есептейміз. Осылай дей отырып біздің оқу ағарту саласының жоғарғы марапаты Қаз ССР, оқу ағарту саласындағы үздік ісі үшін халық ағарту қызметінің үздігі белгісімен марапаттаймыз. Торғай обылыстық білім басқармасы деп омырауына қадады. Бұл марапатты оқу ағарту саласына теңдесіз үлес қосқан Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың қолынан алып тұрғандай сезіндім. Бұл мен үшін өте қымбат награда деп өз ойын Мүтталі осылай жеткізді.
Сенің жиен Жармағамбет пен Сәдуақасқа ренжуің дұрыс емес. Олардың ойын ретінде айтқан әзілін дұрыс түсіне білуің керек еді , оған ойың жетпеген. Оны ойлауға көңіл бөлмей асығыстық жасағансың. Өзіңше қысқа ойлап қуыстанған түрің болар. Олардың неге айтқанын айтсам? Совхоз директоры Мүтталі Нұрғалиұлы алғаш келген жылдардың бірінде, бір топ ауыл ақсақалдарын жинап, Албарбөгеттің басталуы Ақжан қонысынан түсіп, өзенді бөгеп тұрған Ұлы бөгетті кесіп өтіп, Ақтікенге дейінгі аралықты аралап шыққан екен. Осы жолы үлкен ағалар Ақжан да, Айса аталарының қорымдары осында екенін көрсетіп дұға оқыған. Бөгет бөгеу сәтінде арнайы шақыртумен алдырған су маманы, инженер орыс жігіті, мылтығын оқтап отырғанда абайсызда мылтық атылып кетіп, Айсанның бір туысының қызына оқ тиіп сол жерде қаза болғанын Жан аға осыны айтқан екен. Біздің осы сапарымыздың негізгі мақсаты, Мүтталінің айтуынша, алда мектеп пен аурухананы салып біткен соң, бабаларға арнап ескерткіш аллея орнату ойында болғанын айтып, қай жерде орнату жайын сөз етіп, оны да көпшіліктің назарына ұсынды. Ана жиендердің әзілі осыдан шығып айтылып отыр. Директордың айтуынша әрі қарай құлшына түсуіне, оның істелуіне түрлі кедергілер өзімізден болған. Соны ұмыттырмай жиендердің ұрпақтарының естеріне салайын деген ниеті болар, Тентек осы сөзді дұрыс түсінбей босқа қуыстанып отырсың?
Қазақта қай ру, қай ата болса да бетке ұстар елге сыйлы, айтқанын тыңдатар ақсақалдары болған. Солардың ақыл кеңесін тыңдап, айтқанын сөзсіз орындап отыратын қолқанат інілері болды. Ондай қолқанаттың болуы тіптен жақсы. Айтар ойымыздың түйіні -ел болған соң ағайын ішінде артық кем, өкпе, реніштің болып жататыны рас. Ондай жағдайды ешкім жоқ деп айта алмайды. Сондай жағдай ағайын ішінде болып, жылап -сықтап келіп, өзінің кемшілігіңді айтып, кешірім сұрап Ағаның аяғына жығылайын, соған көмектесіп татуласуға күш сал деп келдің. Әрі ойлап, бері ойлап бұл ісің өте ауыр, бұған мен емес үлкен ел сыйлайтын, ел ағалары Жанұлы, Жәлел, Закария, Қызрия, Ахмет, Қабдығали, Сейдеғали, Қорған Қасымхан Қалы ағалар ақылы керек дегенді айттым. Оларға өзің айтқаның жөн, барып ақылдас. Бұл жеңіл іс емес.Ағаның тілін тауып, сөйлесетін ортаға әкелу де қиын. Оны да ойласқанымыз жөн. Осы ойыңды өзің барып ағаларға айтатын бол! Сенен кейін мен де барып сөйлесемін. Ойымды Жан аға, Жәлел, Қабығали ағайларға айтып едім. Жиналатын үйді белгілеп, Сабырды әкелуге өзің күш саласың дегенді айтты. Осыдан соң ағаға барып, болған жайды толық айтып түсіндіруге тырыстым. Шамасы өз үйіңе шақырғалы отырсың ғой. Ол құрметіңді түсінер ой, онда қайдан болсын, жоқ қой дегенді айтты.
Ағалар ақылдаса келіп, ағайындарды біріктірмек ойда болып, екі тентекті менің үйімде ас-су іше отырып, татуластыру орны ретінде болсын деп менің мойныма ілді. Ағалар айтқан соң мен келістім деп шештім. Үлкен аға қанша ашулы болса да, ағаларды аттап қайда барамын? Жарайды ағалардың айтқаны болсын, бірақ анау інісіне ие бола алса жарар еді, оның екі сөйлейтін әдеті, сіздерді алдап шығарып салу үшін айтқаны болар, қанжарын жүрегіме сұғып алатыны анық деп қауіптенемін. Жоқ, аға олай бола қоймас. Біздің үйге белгіленген күннің кешінде боласыз деп пысықтап айттым. Айтар ойыңызды сол жерде бүкпесіз көпшіліктің ортасында айтарсыз. Осы реніштің ішінде ағаның інісі Ибрахым де, бар болатын. Ол кісіге айтқаным да, салған жерден ашулы мінез танытып маңына жолатпады. Сөйлесуден қашып ашулы күйде үйден шыға қашты. Ол салғаннан Тентектен түңіліп, ол адам ба еді? Онымен қалай татулас деуге ауыздарың барады? – деп, біраз жерге апарып тастады. Сендердің бастарыңда ми барма? Барып тұрған қарақшы, жендет — деп. Шатты-бұтты артық сөздері мен, біздің бетімізді қайтарды. Сабыр ағасына да ренжулі қалыппен ауыр-ауыр сөздер айтты. Ол қиянатын ағайынды екеумізге ғана емес, бүкіл ауыл халқы,тіпті аудан көріп жатыр. Соны өздеріңіз де білесіздер? Бұл күнде әділдік ,адалдық деген жоқ. Оны көретін көз, еститін құлақ тағы жоқ. Соны біліңіздер деп, өзімізге жол көрсетті.
Сәкеңнің әзілін орынды түсінгенің жөн! Бөтен оймен айтып отырған жоқ. Ұры арты қуыс, дегендей өзіңді өзің бейімдеп, соншалықты қиянат жасауың жөн емес. Сәдуақас жиеннің баласы әкесіне ренжіп айтқан сөзі, сіздің ойыныңызды, еркелігіңізді көтеретін, нағашыларыңыздың көбі ,бұл дүниеден өтіп кетті. Ендігі қалғаны Жанұлы мен Жәлел ғана. Олар кеткеннен кейін еркелейтін адам таппай қиналатын кез болады деп, әкесіне тоқтау айтса керек. Балам бұл айтқан сөзің орынды, бірақ жиенге ,күйеуге еркелік пен еркіндікті ата-бабалар мен нағашылар өздері беріп қойған. Оны ұмыт, тиыл десең де үйреніп қалған ауыз, қанға сіңген ойын –күлкі, нағашыға деген еркелік, бізбен бірге кетеді. Айт, айт деп ауызға келіп тұрған тағы бір сөз еске түсіп, осы Айсаның бір қарындасының баласы, Нұрмағамбетов Әбілбек деген мектепте оқитын кезі болса керек. Айса ұсталып айдалып кеткенде, сол хабарды естіп жылаған оқушы баланы, халық жауының баласы деп оқудан шығарып, кәмелеттік жасқа толғанда, айдатыпты. Біраз жыл отырып келіп, ауылда бір нағашысының биесін жиенқұрық деп мініп кетеді. Мақсаты жиенқұрық алып, сатып ақша жасап, оқуға бару. Оның ол ойына нағашысы қарсы болып, соңынан қуып барып балаға ұрсып, биені аударып алып қайтады. Осы хабар жылқы фермасының басшысы, Айсаның құрдасы, әрі туысы Ерғабыл ағаға жетеді. Ераға Айсаның інісіне ренжіп, Әбілбектен інісінің ісі үшін кешірім сұрап, бір жылқының пұлын беріпті. Ал, айналайын ренжіме! Мынау жиенқұрығың. Мына қаржыны ал да оқуға бар деп аттандырған. Сол нағашысының жол сілтеуімен жоғарғы оқу орнына түсіп, оқудан оқуды ұлғайтып, ғылым докторы дәрежесіне дейін көтерілген екен.
Жан ағаның сөзін ықыласпен тындаған Сәкеңнін айтқаны: Аға, сіздерден артық соттың да, бидің де керегі жоқ. Айтар ойларың орынды, толық түсініп отырмын. Менің бір ғана шартым бар, соны ертерек естеріңе салсам деймін. Ия, айта ғой, ол мына Тентек сіздерді сендіріп уәдесін берсе де алдап кетері анық, әлі де қиянаты болады. Ол ондайдан еш уақытта жиренбейді. Сол жағы естеріңізде болсын. Жақсылықты жамандықпен қайыру, бұл Тентектің үйреншікті әдеті. Бұл Тентекпен арадағы реніш ініміз қайтыс болып, соны жер қойнына беруде болған. Ол қойылып, оған белгі қою басталды. Салынатын үйінің орны белгіленіп, ірге тастары қойылуға қам жасалды. Айырқұм бағытында көтерме жол салдырып жатқан Қарсақбай ініміз, жұмысшыларын қосып жасатып жатты. Оған қажетті заттарды өзі дайындап, туыстық көмегін жасады. Сөйткен інісіне жасаған сыйын, өз аузынан естігенде бұның адамгершілік қасиеті жоқ, кісіге қианаты көп, нағыз жағымсыз,қатыгез,жанның дәл өзі боларсың?,- деп ойладым. Ал, ағалар бұны сіздерге неге айтып отырмын. Осындай іс әрекетке орынсыз ұрынып, үнемі осындай жаман пиғылда жүрген жанға, сіздер сенім артып ие бола аласыздар ма деп сұраудың реті келіп отыр. Бұл сол әдетін тағы да қайталап, сіздерді елге масқара етіп ұятқа қалдырмай ма? Бұған не дейсіздер? Сонда Жанаға бұл ойың өте орынды, қай-қайсымызда бұл жөнінде дұрыс ойласуымыз керек деп елдің назарын осыған аударды.
Бұл фермада ірі қара малдың кемдігін дүйім жұрт біледі. Мал санауға ауданнан санақшылар келтінін күні бұрын естіп, жеке үйлердегі малдар қораға келіп байланады. Осындай реттермен жоқ малдың ізін жасырып отырады. Соның ішінде айналайын-ау Ғалым екеуің де бірге жүріп көздеріңмен көрдіңдер. Осыны біле тұра, қалай ғана мал түгел деп қабылдап алдыңдар. Неге айтпайсыңдар, неден қорықтыңдар. Өздеріңді кінәлі етіп бастарыңды қылмысты етіп жазаға кестіргелі отырсыңдар. Анау сендердің әулиелеріңнің айтқан ақылы ғой. Мынау екі қызды алыңдар да,кем малды бар деп қабылдап алып менің орныма бірің басқарушы, екіншің зоотехник боласыңдар. Осы ойымды аудандық бірінші хатшы қуаттап айтқанын естідіңдер деп, толып жатқан ірі қараны батпандай қып мойындарыңа ілді. Осының бәрін тыңдар ой сендерде жоқ, неге түсінбейсің айтсайшы, осыншалықты кімнен қорқып отырсыңдар? Айналайын-ау, бірге туған ағаң мені тыңдап, мені сыйламағанда кімді тыңдайсың. Сенің ендігі жағдайыңның қалай болатынын ойлап қатты қиналамын.
Тып-тыныш осылай өте береді деп ойлама, Үкімет бір күндері кем малды сұрап мойындарыңа құрық салары анық, соны біл! Мен сендердің осы істеріңді түсініп отырғаным жоқ. Алда сендерді қандай жаза күтіп отырғанын ойлаңдаршы. Тентек қарамағындағы ағайынның екі қызын Ғалым екеуіңе еріксіз қосып, есебі сендерден қалың мал алу. Ол ойы орындалып батпағына сендерді батырып, сүттен ақ, судан таза болып шыға келмек. Ол ақыры осылай өзінің қулық сұмдығын іске асырмақ. Сабыр аға, олардың зымиандық әрекетін ерте сезіп қозғамаса, совхоз директоры Мүтталі Нұрғалиевті де іліп алып кеткен болар еді. Ол азамат бұлардың зымияндық іс‑әрекетін ерте сезіп, өзін аулақ ұстады. Бұл малдың кем болуы, қыркүйек айының орта кезінде, қар аралас қатты жаңбыр болып, осы аралықта қырқылған қойлардан аудан бойынша үлкен шығын болған. Жемсауы үлкен тойымсыз жандар осы табиғат апатын өз жағдайларына жаратуды ойлап, Үкіметтен өтем ақы алуды көздеген. Ойлап қараған кісіге ірі қара шығыны, өтем ақы алу жағдайында ақылмен жасалған, деген ой тудырады. Бұндай жалғандықтан, әу бастан ары таза азамат- Мүтталі Нұрғалиев бойын аулақ ұстаған.
Жер жағдайының қолайлылығынан болса керек, бұл совхозда ұсақ мал шығыны, даурықтырып айтарлықтай көп болмаған . Осы себептерді совхоз директоры, сақтық жасады деп биліктегілердің күмәнмен қарап, сенімсіздік тудырғаны байқалады. Ірі қарадан шығын болды деген желеумен, табиғат апатынан келген жағдай ретінде көрсетпек ойы болған. Сондай оймен жасалса да, совхозда қой малдарынан ауыз толтырып айтарлық шығын болмаған, осы себептен ірі қара шығынын ашып айтуға ауыздары бармай, біразға дейін жасырын ұстап келген. Ақыры ақырындап естіліп, өзеннің мұзы қатқан кезінде мұз ойылып суға кетті деген өсек таратып, бақташыны жауапқа іліктіріп қамаған . Ендігі ойлаған басшының амалы өзі жұмыстан шығып, орнына басқа адам қою болды. Сол ойымен тапқан амалы Ғалым мен Қасымханға қарамағындағы ағайындардың екі қызын қосып үйлендіру. Бұл екі азамат кем малды түгел деп қабылдап алып,есебі қайынағаға берген қалың малы есебінде Тентектің бар қылмысын арқалап бастарын дауға қалдырған. Екеуі екі қызға үйленіп қайынағасын қылмысынан тазартып, соның амандығын тілеп шалқып жүріп жатпақ ойда болды. Ол қуаныштың ғұмырының қанша боларын құдай білсін.
Мал мен адамды айырбасқа салу, естір құлаққа ұят, сирек кездесетін жағдай. Бұл өмірде бірінші болған Тентектің бизнесі десекте болады. Шіркіннің баю, абырой бедел жинау үшін жасаған тірлігінің түрі деседе болады. Қазақтың «қарғайын десем жалғызым,қарғамайын десем жалмауызым» деген сөзін көп еститін едік. Енді осы сөздің парқын,осындай қатты күйзелісте айтылғанын енді сезіп отырмыз. Амалым жоқ, не істейін, ақымақ болып айтқанды тыңдамай, анау қайын ағаңның арбауына түстің. Бәрімізді күйзеліске салып қойдың. Енді көр, жақыныңның кім? жанашырыңның кім? екенін білетін кез келді. Осыған дейін бұның бірін де ойлаған жоқсың. Ойлайтын кез енді келді. Тыңдамайсың ғой, тыңдамасаң да айтайын. Алған келінді ағасына апарып тапсыр да, екі баласымен жіберген бұрынғы әйеліңе қайта қосыл. Менің саған айтар ағалық ақылым осы. Анау қайынағаңнан еш опы көрмейсің. Менің өмір жолым осы кезге дейін Тентекпен бірге өтті. Оның не істейтінін бес саусағымдай білемін, оның әр ісі сатулы. Ойындағысын орындатып болған соң, ар жағында қиянаты таяу тұрады. Неше жерден берген қызын алып, күйеу бала болдық десеңдер де, мен көрген Тентектің, сендерге қазар көрі бар екенін білемін осыны біліңдер.
Менің осылай деп саған ақыл айтуымның өзі өзіме сор болары анық. Соны білсем де, маған сенің амандығың керек. Анау қайынағаң осы сөзім үшін, бізге қазар көрі көп болары анық. Біз аңыздағы Қорқыт бабадай күн кешетінімізді, оны кәзірдің өзінде іш сезіп отыр. Бұның бізге берер азары сендер төлеген қалың малмен бітпейді. Оның бізге жасар қиянаты тереңде жатыр.Бізге жасайтын қатігездіктері арқылы елдегі халықты қорқыту үшін жасайтын айласы. Осылай қорқытып, бәрімізді қуып көшіріп салу үшін шабындық, жайлымдық жерлерді осылай тартып алудың амалы. Қысымға шыдамаған ауыл халқы көшері анық. Біз Тентектің қазып жатқан көрінен қашып туған жерімізді, ата-анамыздың қонысын тастап, бет ауған жаққа көшуге бекіндік. Бұл көрген қорлықты кімге айтып, кімнен көмек сұраймыз? Алланың ісі емес, адамның ісі, Тентектің азары жанымызға батты. Оған әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ әбден есірді. Елге білгенін істеп елдің тоз-тозын шығарды деп, өз ойын Қалымхан осылай айтқан еді. Ендігі жерде ішкі ойым адамдарды тірідей жейтін, осындай қасқырлары жоқ, елі тыныш, халқы жомарт, жайлы жер іздеп көшкелі жатқанымды бүкпесіз ашық айттым. Сол оймен Қалымхан Үштөбе ауылындағы інісімен хабарласып көшуге дайындалды.
Қапеш ӘЛИҰЛЫ
(жалғасы бар)
Фото: taran-musey.kz