admin

Бауыры үшін қос баласын құрбандыққа шалған ана туралы

Баянаула – Ертіс жерінің Ақкөл-Жайылма аталатын аймағын Мұстафаның ата-бабасы әлімсақтан мекен етіп келеді.  Мұстафаның да бұл күнге жеткені кеше ғана емес, қоян жылы елде жұт болып талай мыңғырған малы бар небір байлар тақыр кедейге айналған еді. Сол уақытта Мұстафаның ата-анасы Керекуге барып жатақ болды. Бірнеше жыл қиындық көріп, кейін жағдайлары түзелген соң туған ауылдарына қайтып келді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды ...

Толығырақ »

Жаркөлден жағымды жаңалық!

Өткен демалыс күндері Жаркөлдік азаматтардың бірігіп салған мешітінің салтанатты ашылуы болды. Сабақты ине сəтімен келіп, Торғайдағы Оспан қожа мешітінің 25 жылдығына келген құрметті қонақтар қуанышымызға ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп кетті. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, айтыскер Мұхтар Ниязов арнау айтты. Ауылдағы іскер азаматтар ас берді. Ол жерде де, Торғай өңірінің құрметті, беделді ел ағалары құттықтау сөздерін ...

Толығырақ »

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Торғайдағы келелі істер! 2018 жылы Торғай шаһарында білім нәрін себетін көпсалалы колледж ашылады Қазақстанда бір ғана шағын қалада 6 музей жұмыс істеп тұрған шаһар кемде кем шығар. Расында бұл өте сирек құбылыс. Оның өзіндік себебі де бар. Дәл осы аталған музейлер кешені – Торғай музейлер кешені деген жалпы атаумен белгілі, онда Торғай өңірінен шыққан, барша қазаққа ортақ 158 тұлғаның аты-жөні ...

Толығырақ »

Торғайдағы берекелі күн

Кеше Торғай халқы берекеге шомылған мерекелі күн болды. Торғай кентіндегі Оспан қожа əулие мешіті қайта жаңғыртылып, Жаркөлде елді имандылыққа ұйытар намазхана ашылды. Осынау игілікті шараның басы-қасында жүру бақыты бұйырып, туған жерге барып қайттым. Ең алдымен Торғай мешіті туралы айта кетсек. Бұл имандылық ордасының ел тарихында орны зор. Қазақстан азаттығын жариялағаннан кейін салынған алғашқы рухани орын. Оның құрылысына сол кездегі өңір ...

Толығырақ »

Торғайдағы келелі істер немесе «Жеріне ағаш емес, Адам өскен жер»

  Бәріміз де ауыл баласымыз, мен де Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы бұрынғы «Еңбек» кеңшарының орталығы Көкалат ауылындағы Албарбөгет орта мектебінде оқыдым. Ол кездері бір жылғылардың 2 не 3 сыныптары болатын. Нақты есімде қалғаны 1990  жылғы аталған Албарбөгет мектебін бітірген кезде жалпы санымыз 46 ұл-қыз едік, кейбірі 8 жылдықты аяқтап кәсіптік білім беру мекемелерінде оқып, еңбекке ерте араласты. Әйтеуір жақсы жері ...

Толығырақ »

Ауылдағы алты әңгіме

I әңгіме «Арсыз жеңдім дейді, бейбақ көндім дейді» — қазақ мақалы! Сонымен, 5 қазан күні Астана-Арқалық бағытына жүретін поезға отырып, елге тарттым. Әуелі көлікпен шығатын болып едім, 6 күні сағат 15.00 өтетін қоғамдық тыңдаулардан қалып қоярмын деген қауіппен ол ойдан бас тарттым. Себебі көлік сынуы мүмкін, ауа-райының қолайсыздығы тағы бар және жолда бензиннің өзі қат деген ақпарат жеткен болатын. Және ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта

  (Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай.   Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта.   Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің.   ...

Толығырақ »

Қарақоға – іргелі мекен немесе «Өлі риза болмай, тірі байымайды

Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Албарбөгет селолық округіне бірнеше ауылдар қарайды, олар: Көкалат, Қызылоба, Қарақоға, Көлқамыс. Кезінде Айырқұм жері де (Мешіт ауылы) аталған селолық округ «Еңбек» кеңшары болып тұрған уақытында, оның қырдағы бір бөлімшесі еді. Айырқұмның жұрты 1930 жылдардағы ашаршылық жылдары жаппай қырылып қалып, кейін 70-80 жылдары ел қайта қоныстанған болатын. Кейін өз алдына жеке «Аққұм» кеңшарына айналды, ал Аққұм сол ...

Толығырақ »

Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат

Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі Көкембайұлы туралы әңгімелерді әрқайсымыздың аталарымыз бен әжелеріміз аңыз қылып айтып отырушы еді. Сондай әңгімені ең алғаш рет Кейкі батырдың көп жүрген жерлерінің бірі Ұлы Жаланшық өзені бойында Қатеш әжем аузынан естіп едім. Жыл сайын жаз мезгілінде қырдағы Әбілда нағашымыздың ауылына баратынбыз. Сонда Қатеш әжеміз Кейкінің ...

Толығырақ »

Тасты ауылында Кейкі Көкембайұлының кесенесі ашылады

Қостанай облысында Кейкі Көкембайұлы кесенесінің ашылуына орай өтетін шаралар кестесі жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бағдарламалар тізімін жасады. Сонымен, іс-шаралар 15 қыркүйекте басталады. Кейкі батырдың бас сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі Тасты ауылында сағат 10:00-де өтеді. Содан соң Амангелді, Жанкелдин, Әулиекөл, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сағат 11:00-де көрермендерді қазақ ...

Толығырақ »