admin

Батырдың сырттаны — Шақшақ Жәнібек

Шақшақ Жәнібек — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихында көрнекті қызмет атқарған тұлға. Оның жаужүрек батырлығын, рубасы би ретіндегі басшылығын, ел тағдыры мен мемлекет мүддесін қорғаған дипломатиялық қызметін қазақ жұртының тыныс-тіршілігіне ерекше екпін қосқан елшілдік қызмет болды деп айтуға толық негіз бар. Даланың ауызша тарихы Шақшақ Жәнібектің ерлік істері Әз-Тәуке ханның билігі тұсынан басталған деп аңыздайды. Бұл тұста Жоңғар империясының әскери-феодалдық мемлекет ...

Толығырақ »

Асан Қайғы жырау

Шығысында Алтай таулары мен батысындағы Балқан түбегі арасындағы кең байтақ Ұлы Даланы жайлаған түркі халықтарының тарихи жадында Асан Қайғы – елшілдік мұратты байрақ еткен даңқты тұлға. Аңыздық тұлғаның туған, қайтқан жылдары, қай рудан тарайтындығы белгісіз. Халық жыр-аңыздарында Асанның әкесі саятшы Сәбит, шешесі Салиха, әйелінің аты Күлжазира, баласы Абат батыр деген баяндаулар кездеседі. Асан Қайғының туған жері — Алтын Орданың орталығы, ...

Толығырақ »

Көнеден күмбірлеген Қорқыт Ата

Қорқыт ата – бүкіл түркі халықтарына ортақ тұлға. Оның есімі исі түркі халықтарының жадында, рухани  танымында үлкен құрметпен сақталып жеткен. Түркі рухани кеңестігінде ол бақсылық өнердің пірі, күйші, қобыз аспабын жасаушы, сәуегей ойшыл жырау, даналық сөз үлгісін қалдырған тұлға болып танылады. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі – Х ғасырдың басында Сырдария бойында бой көтерген Оғыз мемлекеті. Астанасы Сырдарияның Аралға құяр ...

Толығырақ »

Теріскейді толтырайық немесе қазақ көшін қайтсек солтүстікке бұрамыз?!

Тәуелсіздік алған жылы, яғни 1991 жылы Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болған еді. Ал, соңғы деректерге жүгінсек еліміздегі халық саны 18,5 млн-нан асқанын көріп отырмыз. Яғни, осы уақыт аралығындағы өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. адамды құраған, Еуропаның бес Франциясы сыйып кететін Қазақстан үшін бұл өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, 1 млн-ға жуық этникалық қандастарымыздың атажұртқа оралуына қарамастан, ...

Толығырақ »

Бағаналы Барлыбай батыр туралы

Қазақ халқының арғы-бергі тарихына қарайтын болсақ, біздің даламызда Сақ-ғұн, Түркі қағанаты, Дәшті Қыпшақ, Алтын Орда, Қазақ хандығы сияқты талай мемлекеттер өмір сүрген екен. Әрине, олар бірін бірі алмастырғанмен халқы сол дала жұрты, атауы өзгеруі мүмкін, бастысы ұрпақ сабақтастығы болды деп ойлаймын. Ал, Ұлы Даланың ежелгі мемлекеттерінің бірі – Найман хандығы болатын. Шыңғысхан әскерлерімен қиян-кескі ұрыс жүргізген Найман хандығы жұрты, кейін ...

Толығырақ »

Қостанайда «Рухани жаңғыру» мәселелері бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылғы 11 қазанда Қостанай қаласында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру шеңберінде қоғамдық-саяси іс-шараларды сапалы идеологиялық ілгерілетуді ұйымдастыру мақсатында «Сындарлы диалог — қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі» атты семинар өткен болатын. Семинар жұмысына Қостанай облыстық басқармаларының, аудан әкімдерінің орынбасарлары және облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ...

Толығырақ »

Бармасаң, келемесең жат боларсың немесе 100 жылдан кейінгі қауышу

Осыдан 94 жыл бұрын, яғни 1924 жылы анамның туған апасы Гауһар атты кісі жолдасы Жараспен бірге Торғай елінен жан сауғалап Ақмамық деген жерге көшіп кетеді. Естуімше Ақмамық — бұл құстардың көп қонатын жері болса керек, меніңше жыл құстарының тоқтайтын жері шығар, негізінде Сібірден жылы жаққа ұшатын құстар Торғай қақпасы арқылы өтеді ғой. Ақмамық деген шөп те бар айтқандай. Шешем: «Гауһар ...

Толығырақ »

Сарықопа

Қасиетті Торғай жерінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған жері — Сарықопа туралы Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны ...

Толығырақ »

Тосынқұм

Торғай жерінің бір пұшпағы — Тосынқұм туралы Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып ...

Толығырақ »

Туған жер — Торғайым

Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...

Толығырақ »