ganibet

ЕМITT-2023: Стамбұлда әлемдік туризм жәрмеңкесі өтеді

EMITT Шығыс-жерортатеңіздік халықаралық туризм және саяхат жәрмеңкесі – әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі. Жыл сайын аталған шарада 400 мыңнан астам сала өкілдері мен туристер бас қосады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Туризм мен саяхат саласының Жер шарындағыең ірі курорттары мен туристік компаниялары жаңа мүмкіндіктер ұсынатын EMITT Түркия Туризм және мәдениет министрлігі, ТОВВ, Стамбұл қаласының әкімдігінің қолдауымен, ICA Group, TUROFED и TTYD ...

Толығырақ »

Железнодорожное ауылындағы үйлерді еріген қар суы басып қалды

Қостанай облысында қардың қарқынды еруі салдарынан өзен арнасы тасып, үйлерді су басқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген  қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі қардың қарқынды еруі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асқанын мәлім етті. Қазіргі кезде қостанайлық ...

Толығырақ »

Амангелді Иманов — 150 жыл: Елордада батыр туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті (ВИДЕО)

Биыл қазақ батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрескен қайраткердің тұлғасы әлі зерттеліп жатыр. Елордадағы Ұлттық музейде  халық батыры туралы көрме ашылып, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 400-ге жуық құжат пен жәдігер қойылды. Онда батыр әрі серінің өзі ұстаған ...

Толығырақ »

Журналистерге Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция көрсетілді (ФОТО, ВИДЕО)

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, деп хабарлады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды. 31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалар тұрған жер көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан. Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық ...

Толығырақ »

Қостанай іргесіндегі ауыл тұрғындары ауызсуға жарымай отыр

«Ауыз су – тіршілік көзі» деп бекер айтылмаса керек.  Сусыз адамның күні жоқ. Бүгінде түр­лі мем­лекет­тік бағдарлама  ар­қылы  біраз шаруа  оң ше­шіл­генімен, түйт­кілді мәселе­лер әлі де бар.  Мәселен, Қостанай  ауда­нына қарасты Озерное ауылының  тұрғындары әлі күнге дейін сусыз отырғандарына налиды.  Амалдары таусылған жергілікті тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz “Қостанай таңы” басылымына сілтеме жасап. Мен осы ауылда жиырма үш ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы. Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс ...

Толығырақ »

Қостанай жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Айта кетсек, өткен жылы (қаңтар, ақпан) 435 қылмыс тіркелді, жылдық өсім 8,5%. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%. Сондай-ақ, жемқорлық ...

Толығырақ »

Торғайда еріген қар суы жолды басып қалды

Қостанай облысында «Торғай — Шилі — Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 26 наурыз күні «Торғай — Шилі — Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ, — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. Бұл жерде полиция қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етіп жатыр.

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлы ауылын су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды су шайып кетті. Қазір тұрғындар жайылған суды қайықпен кешіп жүр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап. Бұл — жолдың көршілес Ақкөл елді мекені ортасындағы бөлігі. Яғни Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне құяр сағасы. Енді тұрғындар үйлеріне көлікпен жету үшін жолсыз даламен жүріп, 60 шақырым үлкен көлді айналып келуге мәжбүр. Ал тура ...

Толығырақ »

Қостанай облысында «Қайрақ» өткізу пункті арқылы әскери киім-кешектерді заңсыз әкетуге тырысқандар ұсталды

Қостанай  облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мен ҰҚК Шекара қызметі бірлесіп «Газель» маркалы көлігін тоқтатады. Оның жүк бөлігінен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Тасымалдау мұқаба тауарларын қолдана отырып жүзеге асырған, тауарларға ілеспе құжаттамада тауарлар туралы мәліметтер жоқ. Жүгі бар көлік өткізу пункті орналасқан жерде болады, тауарлардың қайдан алынғанын және әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар ...

Толығырақ »