Таным

Осы жұрт Бірәліні біле ме екен?..

…Батырға да, байға да пана болған Жыланшық – құтты мекен, киелі өңір. Талай тарлан ұлылар қатарында дәулеті асқан байлар да осы өңірден көп шыққан. Себебі, жері малға жайлы, ауасы дертке дауа, жанға шипа, шөбі шүйгін – қыратында қырық түрлі шөп өскен шұрайлы қоныс. Осы ұлы Жыланшық бойында халқына қайырымы мол, қолы ашық, жомарт Бірәлі Бектасұлы мекен еткен. Бұл кісі Қыпшақтын ...

Толығырақ »

Алланы жырға қосқан ақындар-2

Мырзахмет Қажыгелдіұлы деген атпен елге танылған тағы бір ақынның өмір жолы таңғажайып. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, «халық жауы» атанса да қызыл көздердің қолына түспей, өмір бойы қашып жүріп ғұмырын өткізген ақын Қостанай облысының Сарыкөл өңірінде  «Ленинград» ұжымдық кәсіпорнының Қарашілік ауылында туған. Сол тұстағы отарлау саясатының Совет үкіметі тұсында да жалғасып отырғанын көре білген ақын: «Ұрыса қалса бозбала, ...

Толығырақ »

Алланы жырға қосқан ақындар

Абай да, Ыбырай да, олардың ізбасарлары да Аллаға мінажат қылғанын ғалымдар болмаса, көпшілік әлі толық біле қоймайды. Абайдың «Махаббатсыз – дүние дос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі барлық басылымдарда «Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деп басылып жүр. Абайдың бұл арада айтып отырғаны әйелге деген махаббат емес, Аллаға деген махаббат екені белгілі. Өйткені, Абайдың өзі осы өлеңнің соңында: «жүрегі ...

Толығырақ »

ҚОБЫЗ-АБЫЗ туралы аңыз

  Халық аңызына қарағанда, қобыз аспабын Қорқыт ата жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан болып шығады. Оның қобызды ойлап табуы жөнінде ел арасына кеңінен тараған бір тәмсіл бар. Онда былай делінеді… «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін ...

Толығырақ »

Асыл қазына жер астында жатпайды

«Жол қуған қазынаға жолығады» деп дана халық тегін айтпаған. Бұл тек қазына, байлық, олжа табу деген сөз емес, мағынасы терең, ғибратты қағида. Таратып айтар болсақ, ел, жер көресің, жақсы адамдармен танысасың, түрлі оқиғаларға жолығасың деген ұғымды біліреді. Мен де қаламгер әрі зерттеуші этнограф ретінде үлкен жолдарға жиі шығуды бұрыннан әдетке айналдырған адамдардың бірімін. Және осы жолдар мені тарихи, рухани оқиғалар ...

Толығырақ »