Төр

Еркеғали Бейсенов: КӨКЕСІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛЕТІНДЕРДІҢ ҚАТАРЫНАН ЕМЕСПІН

– Еркеғали, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған биылғы «Алтын тобылғы» байқауының поэзия номинациясы бойынша топ жардың. Құтты болсын! – Әумин! Рахмет, Зәке! – «Алтын тобылғы» қандай байқау? Бәсі жоғары додаға қалай қатыстың? Үкілеп қосқан шығармаң қалай аталады? – 2016 жылы «Алла жар, Алаш!» атты дастан жаздым. Сонау Сақ, Ғұн, Көктүріктер қағанаты, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда, Қазақ ...

Толығырақ »

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ: Жайсаңбек салған жол жалғаса береді…

Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» (бүгінгі «Біздің Торғай») газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы ...

Толығырақ »

Абылай МАУДАНОВ: Әдебиет жасалмайды, әдебиет туады

Әдебиетті жасайтын кім? Әдебиетті тудыратын ше? «Әдебиет жасала ма?» десек, «Әдебиет туады» дейтін пікірді кесе-көлденең ұстанатын бұл жігіт Астана мен Алматыдан шалғайда Қостанайда тұрады. Бүгінгі кейіпкеріміз – ақын Абылай Мауданов. Ол – Жангелдин ауданының Көкалат елді мекенінде туып-өскен. – Абылай, «Әдебиет порталы» «Әдеби үрдіспен» жас ақындар­дың өлеңдеріне жақсы талдауды бастады. Алайда кейбір талдаулар ақынның да, оқырманның да көңілінен шықпай тұр. «Сын шын ...

Толығырақ »

Думан РАМАЗАН; жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты: Қаламгер үшін ең үлкен бақыт – ұлтына адал қызмет ету

– Думан аға, сіз қазір елге танымал қаламгерсіз. Есіміңіз елдің аузында жүр. Зырғыған уақытпен бірге атақ-абыройыңыз да артып келеді. Шығармаларыңызды жұрт сүйіп оқиды, оқырмандарыңыз көп. «Сырт көз – сыншы» дегендей, оның бәрін көріп, біліп, бақылап жүрміз. Сондықтан да алғашқы қояр сауалымыз, жазушылық жолға қалай түстіңіз? Әдебиет әлемінде жарық жұлдыз болып жану бала кезгі арманыңыз ба, жоқ әлде ақыл тоқтатқаннан кейін ...

Толығырақ »

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: ХХІ ғасыр – түріктің ғасыры болады

  – Қойшығара аға, әңгімемізді өзіңіз зерттеп-зерделеп жүрген көшпелілердің көне тарихынан бастасақ… Мысалы, «түбі бір түркінің ұрпақтарымыз» деген даусымыз неге әлемдік дәрежеде жарқын-жарқын естілмей жатыр? – Қазіргі тарих еуропалық таным-түсінікпен жазылған. Біздің ғана емес, әлемдік тарих солай. Сондықтан еуропалық таным-түсінікке келетіндердің бәрі «мәдениетті», «өркениетті» халықтар да, ал келмейтіндердің бәрін өркениеті мен мәдениетінің жоғары деңгейде екеніне қарамастан, «жабайы», «тағы» деген. Бұл ...

Толығырақ »

Қуаныш ЖИЕНБАЙ, жазушы: Қазақ түбі кітапты қыздың жасауына қосатын болады

  –Қуаныш аға, сіздің бал дәурен балалық шығыңыздың қызыққа толы ұмытылмас сәттері теңіз жағалауында өтті ғой. Әңгімемізді бастамас бұрын бір сәтке балалық шағыңызға саяхат жасап өтсеңіз қайтеді? –Балалық шақ дегеніңіз – өмірі таусылмайтын ертегі. Және ескірмейтін, ойға алған сайын түрленіп, жаңара, жасара түсетін, сосын сенің жан-дүниеңді де мөлдір шыққа көметін керемет әлем ғой! Мейлі, қанша жерден классик бола беріңіз, бәрібір ...

Толығырақ »

«Тобыл — Торғай» сайтына қош келдіңіздер!

Құрметті оқырмандар! Бүгінгі тұсауы кесіліп отырған «Тобыл — Торғай» сайтына қош келдіңіздер! Біздің бұл жобамыз — Қостанай облысы бойынша қазақ тілінде ашылып отырған алғашқы сайттардың бірі. Көне Тобыл мен ескі Торғайдың ертедегі және кейінгі тариxы, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен хал-ахуалын жіті зерделеп, жазып отыруды өзіміздің парызымыз санаймыз. «Тобыл-Торғай» сайты ұжымының атынан Амандық Қорғанұлы

Толығырақ »