Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараны орталық директоры Гүлім Ысмағұл құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан болатын» деген мекеме басшысы, тарих беттерінен ойып ...
Толығырақ »Талбесік
Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!
Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді. Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов неге баспасөз хатшыға жарымай жүр?
Шымкентте блогерлер мен журналистер көп екен, қызығасың. Әкімдердің ақпарат хатшылары да мықты. Республикалық газеттер мен телеарналардың жаңалықтарын қарасаң — жартысы оңтүстік өңірдің жаңалықтары. Ежелгі қалалары да насихатталып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, тарихы да, басқа да жаңалықтары да жазылып жатыр. Біздің Қостанай облысында ақпарат саласы кенже дамыған. Оны мойындау керек. Ақпарат құралы аз. Әрине, баспасөз жоқ емес, бар. «Қостанай таңы» сияқты ...
Толығырақ »Қазыналы Құсмұрын құпиясы
Құсмұрын – сулы, нулы, көрікті тарихи мекен. Оның атауы көлемі жағынан Қазақстандағы ірі су бассейініне жататын Құсмұрын көлінің атауына байланысты қалыптасқан. Құсмұрынға Обаған өзені құлап, одан қайта ағып шығады. Мұндай көрініс Қазақстанда Зайсанға құйып, қайта шығатын Ертіс өзеніне де тән. Көлдің маңында қоңыр көмірдің мол қоры да бар. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов басқарған Аманқарағай округінің орталығы ...
Толығырақ »Торғай неге туристерге тарс жабық
немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...
Толығырақ »1 қазанға дейін тұрғын үйлерге жылу беруді талап етеміз! — Арқалық қаласының тұрғындары
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке! Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке! Елдегі тараған індеттің алдын алу мақсатында биылғы жылу беру маусымын 2020 жылдың 1 қазанына дейін тұрғын үйлерге беруді талап етеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі 29/1-бабына сәйкес әр азамат өзінің денсаулығын сақтауға құқылы. Жыл сайын жылу маусымы ресми түрде қазан айының 1-не делінеді, бірақ тұрғын үйлерге жеткенше 25 қазан болады. ...
Толығырақ »PRIMARIES. Гүлім Ысмағұлдың сайлауалды бағдарламасы
Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды. Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым. Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру ...
Толығырақ »Қостанай облысында ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылмай жатыр
Қостанай облыстарында жерді қашықтан зондтау пилоттық жобасының нәтижелері бойынша Жер инспекциялары берген мәліметтерден едәуір көп ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланылмай жатқаны анықталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн режимінде өткен ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды. Отырыста екі мәселе талқыланды: «Қазақстан Республикасында жер ресурстарын ...
Толығырақ »Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...
Толығырақ »Пандемия және праймериз
«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» демекші, алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болайын деп отыр. Жер жаһанды жайлаған індеттің кесірінен елімізде де төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық-саяси өмірге күтпеген өзгерістер алып келді. Осы орайда басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғаны анық. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қомақты қаражат жиналып, әлеуметтік әлсіз ...
Толығырақ »