Қостанайда екі бала өлім ойындарының әсерінен өз-өздерін өлтірмек болған. Бұл мәліметті «Алау» басылымына Қостанай облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов растады. «Қазіргі уақытта Instagram мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің қолданушылары арасында адам өміріне зиян келтіретін және өлімге әкелетін ойындар кеңінен таралып жатыр. Қостанайдағы екі мектеп оқушысы Интернеттегі өлім ойындарының әсерінен өзін-өзі өлтірмек болды. Олар — 2003 жылғы балалар. Жасөспірімдердің бұл әрекетіне тосқауыл ...
Толығырақ »Таспа
Жанкелдин ауданының әкімі қызметінен не үшін кетті?
Қостанай облысы Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин жұмыстан кетуге өтініш білдіріп, оның өтініші қанағаттандырылды. Отставкаға кетуіне оны ірі көлемде бөтен мүлікті иеленіп, оны жұмсауға қатысты айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту себеп болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. Облыс прокуратурасы қылмыстық іс 6 ақпанда сотқа берілгенін растады. Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ...
Толығырақ »2006 жылы шыққан 1000 теңгеліктер айналымнан алынып тасталады
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды Ұлттық банк. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 ...
Толығырақ »Қостанай облысында тұрғын үйден граната табылды
Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда Қарабалық ауданы Елшанов ауылында жарылғыш зат табылған деп хабарлайды Alau.kz. 55 жастағы үй иесі гранатаға ұқсас затты шкафынан тапқан. «Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы шаралар барысында, күдікті заттың жаяу әскерге қарсы қорғаныс үшін қолданылатын Ф-1 гранатасы екені анықталған. Оның сырты коррозияға ұшыраған. Ф-1 гранатасын ІІД қызметкерлері қауіпсіз жерде жарып, көзін жойды» делінген ведомство баспасөз ...
Толығырақ »Өткен жылы Қазнетте суицид пен терроризмді насихаттайтын 110 мың материал жойылды
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былтыр интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материал бойынша 500 ескерту айтылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2016 жылы интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материалға қатысты ескерту жазылған 500 хат жолданды. Осы арқылы интернет-ресурс иеленушілері терроризм мен экстремизм, зұлымдықты, суицидті насихаттайтын заңға қайшы 110 мың материалды жойды. Бұдан бөлек, 2016 жылы 31 мың материалды жою туралы ұйғарым шықты, оның ...
Толығырақ »Димаш бұл жолы 3-орынды иеленді
Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы алса, екінші орынды Линь Илянь иеленді. Үздік үштікті Димаш Құдайберген түйіндеді. Төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші – Чжао ...
Толығырақ »Елбасы Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі — елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз ...
Толығырақ »Білім және ғылым министрі Н.Назарбаевқа есеп берді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым жүйесінің алдағы реформаларды, Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті. «Біз ел ішінде ...
Толығырақ »Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл екі есе қысқартылмақ
Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер енгізу туралы заң жобасы әзірленуде. Оның аясында айыппұл санкцияларын босаңсыту қарастырылған деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кодекс ізгілендіруге бағытталған. Осы орайда Кодексті қатаңдатуды көздейтін ешбір түзету ескерілмеген. Мәселен, мүгедектерге арналған орынға тоқтағаны үшін 50 АЕК ескерілген, яғни 110 мың теңгеден астам. Оны кем дегенде екі есеге азайту ұсынылуда. Қосымша қарастырып, бұдан да артық қысқартуымыз мүмкін. ...
Толығырақ »Жанармай не себепті қымбаттады?
Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қымбаттаудың бір себебі — бұл екі апта бұрын импорт бензині сатып алынған кезде теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Осыған орай ресейлік бензиннің бағасы өсті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап теңге бағамы рубльге шаққанда 20 пайызға әлсіреді. Сол себепті де рубльмен алғанда ондай қымбат емес, ал ...
Толығырақ »