Таспа

Астана автобустары таңғы сағат 6-ға дейін жүретін болады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, алдымен автобус жүргізушілерінің тапшылығы мәселесін шешіп алған жөн. Осыдан кейін қоғамдық көліктердің жүру уақытын ұзартуға болады деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Біз жаңа 338 автобусты жеткізгеннен кейін қоғамдық көліктердің қозғалысын түнде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ондай тәжірибе әлемнің көптеген мегаполисінде бар. Сондықтан біз бірқатар бағдарлардың жұмысын таңғы сағат 6-ға дейін ұзартуды көздейміз. Өйткені, таңғы уақытта жұмыс істейтін ...

Толығырақ »

Астанада өтетін келіссөздердің мақсаты не?

Сирияға қатысты Астанада өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша оқ атуды тоқтату мен Женевадағы саяси процесті іске қосу туралы құжатқа қол қойылуы керек. Бұл туралы РИА Новости сириялық оппозициядағы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлайды. «Кездесу мақсаты — оқ атуды тоқтату туралы құжат қабылдау, осы арқылы Сирия бойынша Астанада емес, Женевада саяси шешімдер қабылданады» деп атап өтті мәлімет көзі. Астанадағы кездесу уақыты Анкарада өтіп жатқан кеңестің ...

Толығырақ »

Мәжіліс төрағасы Қостанайда болды

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин облыстық қан орталығында медицина сала қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Мәжіліс төрағасының айтуынша, біздің еліміз денсаулық саласында ешбір елден кем емес. Мысалы, республика көлемінде сапалы медициналық қызметтің бірыңғай стандарттары енгізілді, әлемдік тәжірибеге сәйкес медициналық кластерлер құрылды. Кез келген науқасты алғашқы күннен анықтауға және алдын алуға жол ...

Толығырақ »

Елорданың жаңа вокзалы мамыр айында пайдалануға беріледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана стансасының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті. Бұл туралы primeminister.kz-ке сілтеме жасап tobyl-torgai.kz тілшісі хабарлады. Бұл жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ.Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді. ...

Толығырақ »

Билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу бойынша жұмыс тобы құрылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді. tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

«Келіннен» құтылатын күн жақын…

Қазақстан» телеарнасының рейтингі жоғары хикаяларының бірі – «Келін» телехикаясы ақпан айында аяқталады. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.  Хикаяның аяқталатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растады. «Келінді қашан құртасыздар, Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп, ой, бір қуанып едік… Әзірге сыңқылдаған үнді сериалының музыкасының үні өшпей тұр» деп назын білдірген көрерменге К.Ойшыбаев мырза телехикая ақпан айында аяқталатынын ...

Толығырақ »

Алдағы күндері ауа райы қалай болады?

Синоптиктер 2017 жылдың 12-14 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, жақын арадағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райын бұрынғыдай атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Әдеттегідей жауын-шашынды ауа райы күтіледі: қар, көріну қашықтығы 1 шақырымнан кем боран, жылдамдығы секундына 15-20 метр қарқынды жел, оңтүстік облыстарда көктайғақ пен көріну ...

Толығырақ »

Алматы мектептерінде жоспарланбаған каникулға байланысты қосымша сабақтар енгізіледі

Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Білім беру ұйымдары бағдарламаны толық игеру үшін өзгерістер енгізеді. (…) Қосымша сабақтар болады. Мектеп директорлары сабақтар кестесіне қосымша сабақтар енгізу бойынша тапсырма береді» деді Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқайдарова баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол мектеп оқушылары Универсиадаға бару-бармауды өз еркімен шешетінін айтты. Ал осыған дейін ҚР Білім ...

Толығырақ »

Қостанайда 2500-ден аса адам уақытша мекен жайға тіркеліп үлгерді

Қостанай қалалық ХҚКО-да кезекте тұрған адам саны алғашқы күндердегідей емес, саябырсыған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Орталықтағы көші-қон бөлімі қызметкерлерінің айтуы бойынша, бүгінге дейін облыста 2500-ден астам адам уақытша мекен жайға тіркеліп үлгерген. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары келушілердің уақытын үнемдеу мақсатында e-gov арқылы, яғни, уақытша мекен жайға онлайн-тіркелу мүмкіндігінің қарастырылып жатқандығын және оның жақын уақытта жүзеге асатындығын айтты. Халыққа ыңғайлы ...

Толығырақ »

Ұрылар жалдамалы пәтерлерде жасырынады

ІІМ 2016 жылы жалдамалы пәтерлерде тұрып, мүлікті тонаумен айналысқан басқа қалалық «гастролер-ұрыларды» ұстау мақсатында өткізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларға сараптама жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылы республикадағы полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлер мен қонақ үйлерде тұрып, мүлікті қолды етуге қатысты 830 қылмыс жасаған 497 «гастролер-ұрыны» ұстады. Ақмола облысының 54 жастағы тұрғынының Астанада тұрып, 5 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ...

Толығырақ »