Қостанайда зейнеткерлер балаларға насыбай сатып жүр

Қостанай тұрғыны Alau.kz редакциясына балаларға насыбай сатып жүрген егде жастағы адамдарға шағымданып жатыр.

«Егде жастағы адамдардың мұндай бассыздығымен қалай күресуге болады? Түсінемін, жасы келген шығар, бірақ бұл оларға өздерін осылай ұстауға рұқсат бермейді. Күнде балағат сөздерді естиміз. Олар мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін туыстарымен қорқытып келеді. Олармен күресетін күшім қалмады!» дейді Alau.kz оқырманы.

Қостанайлықтардың айтуынша, егде жастағы адамдар ашық түрде балаларға тыйым салынған заттарды сатып жүр.

«Егде жастағы ер адамдар мектеп оқушыларына «Радуга» дүкенінің маңында насыбай сатып тұрады. Ересектерге сатса бір жөн, бірақ оқушыларға не үшін сатады? Онымен қоса олар маған былай дейді: «Мен зейнеткермін, маған ештеңе де болмайды». Кімге хабарласатынымды білмей отырмын. Учаскелік полицей келіп кетті, бірақ еш нәтиже жоқ» дейді шағымданушы.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *