2017 жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 201 млн-ға жетеді. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының әлемдік деңгейдегі жұмыспен қамту көрсеткіштері туралы жасаған баяндамасында белгілі болды деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар қызметі.
«Бұл көрсеткішке 2018 жылы тағы 2,7 млн адам қосылады. Еңбек нарығындағы аталған жағдайдың себебі — жұмыс істеуге жарамды жастағы адамдар саны жұмыс орындарын ашу жылдамдығынынан да қарқынды өсуде», делінген хабарламада.
Аталған ұйымның бас директоры Гай Райдердің айтуынша, қазіргі таңда бір уақытта екі мәселені шешу керек: жаһандық экономикалық және әлеуметтк дағдарыстың орнын толтыру, жыл сайын еңбек нарығына келетін ондаған миллион адамдарға қосымша жұмыс орындарын ашу.
Сонымен қатар ол экономикалық өсім де әлем бойынша төмендегенін айтты.
«Бұл жаһандық экономикадағы алаңдататын жағдай. Себебі жұмыс орындарын сақтап қалуға кесірін тигізеді», деді Г.Райдер.
Баяндама авторлары Еуропа мен Солтүстік Америкада жұмыссыздық деңгейі түспегенін айтады. Ал Батыс Еуропада жұмыссыздық саны өсімін жалғастыруда.
Оның айтуынша, осы жылдың соңында әлемдегі жұмысыздық көрсеткіші 3,4 млн-ға артады.
Баяндамада Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары алдағы 2 жылда өз еңбегі үшін күніне 3-10 доллар жалақы алатын кедейлер саны 5 млн-ға жететінін атап өтті.
egemen.kz