Қазақстанда 3D принтер жасалады

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ технологияны коммерциялау үшін «3DInnovations» ЖШС-ға 4,3 млн теңге көлемінде грант тағайындады. Компания 3D принтерлерін шығарумен айнылысады деп хабарлайды egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3D принтерінің прототипі RepRap (Replicating Rapid Prototyper) технологиясын іске асыру үшін жасалмақшы. Құрылғы компьютермен жинақталған модель негізінде өзіндік бөлшектерін жасай алады.

Жоба авторлары ресейлік «Кипарис» стартабының тәжірибесін зерттеген.

«Сонымен қатар біз «Сколково» инновациялық орталығында болдық. Ресейдің 3D принтер өндірісінің көшбасшысы Picaso3D компаниясының техникалық қызметкерлерінен кеңес алдық. Нәтижесінде құрылғыны жасау мен оны сату жолдары бойынша біліктілігімізді арттырдық», — дейді «3D Innovations» ЖШС директоры Игорь Насонов.

Айта кетерлігі, аталған құрылғылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ең басты қасиеті оның өзіндік бағасы. Өйткені, АҚШ, Еуропа мен Қытай өнімдерінің бағасы арзан болуымен қатар, оларды құрастыру уақыты да жылдам көрінеді.

Қазіргі таңда стартап айына 4 принтерге дейін шығара алады. Алдағы уақытта айына сегіз принтер жасай алатын деңгейге жетпек.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *