Таспа

Архимед Мұхамбетов Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Биыл біз ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнінің, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын ...

Толығырақ »

Меңдіғара аудандық білім бөлімінің басшысы асылып қалды

Қостанай облысы Меңдіғара аудандық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «ТоболИнфо»-ға сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға бір күн бұрын Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалған, ал кешке туыстары оны асылып ...

Толығырақ »

Қостанайда дәмханадан жасырын казино анықталды

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінен астыртын казиноны анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталған. Десе де тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге ...

Толығырақ »

Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша аға әділет кеңесшісі Берік Рахатұлы Әбілов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс прокуратурасының сайтына сілтеме жасап. Берік Әбілов 1971 жылы Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Жаркент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған. Алматы қаласы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды ...

Толығырақ »

4 мыңға жуық қостанайлық жазықсыз құрбан болды — Архимед МҰХАМБЕТОВ

31 мамыр — бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күн. Осыған орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында үндеу жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Құрметті қостанайлықтар! Бүгін бабаларымыз армандап, тағдырдың тізгінінен өтіп, аңсарлы арманына қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан үшін атаулы күн – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Жазықсыз жазаға ұшырап, қаза тапқан, азапты сынақтар мен қуғын-сүргіндерден өткен ...

Толығырақ »

Коронавирус: Қостанай облысында 41 жағдай тіркелді

2021 жылғы 30 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 41 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,26 % құрады деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Ауырғандар: Қостанай қ. — 22, Рудный қ. — 5, Арқалық қ., Жітіқара қ., Әулиекөл, Қарабалық аудандарында 2 — ден, Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Меңдіқара, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1-ден. 36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Беларусь еліне сапарлады

Архимед Мұхамбетов Үкімет делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараға қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай Фейсбуктегі парақшасында жазды. Сапар барысында облыс әкімі «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның басшылығымен кездескен. Биыл «Минск трактор зауыты» ААҚ осы жылы 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің бірі. Түрлі ...

Толығырақ »

Тоқаев Мұхамбетовке Арқалық ЖЭО жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға инвестиция салу және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша  оң көрсеткіштер бар. Қостанайда құны шамамен 80 млрд ...

Толығырақ »

Қостанайда Тарелочка өзеніне түскен жасөспірім тіл тартпай кетті

Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. Жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді» — деп ...

Толығырақ »

Ауыл әкімдерін сайлау: Қарин заң нормаларын түсіндірді

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин жаңа Конституциялық заң нормаларын түсіндіріп, елімізде биыл алғаш рет әкімдер сайлауы өтетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қазіргі уақытта Президенттің саяси реформалары аясында 10 заң қабылданды. Бүгін қол қойылған заңдар Мәжіліске саяси партияларды өту үшін шекті деңгейді 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу және биыл белгіленген ауыл әкімдері сайлауын өткізу ...

Толығырақ »