әңгіме «Сәлематсыңдар ма, балалар, отырыңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын жазыңдар: «Сүйір бұрыштың косинусы». Сүйір бұрыштың косинусы деп іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтамыз… ...
Толығырақ »Туынды
Қой жүнінен жасалған картиналар
25 наурыз күні Қостанай облыстық көркемсурет галереясында «Дала желі» атты көрме өтеді. «Дала желі – философиялық ұғым, бостандықтың белгісі, – дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі Бағлан Аңқауов. – Даланың желімен Қорқыт қобызының үні, Құрманғазының күйі, жыраулардың сарыны бізге жеткен. Кең байтақ далада көшпелі қазақтың өзіндік дүниетанымы, ерекше материалдық және рухани құндылықтары қалыптасты. Бұл ерекшеліктер ұлттық фольклорымызда, ою-өрнектерімізде, төрт түлігімізде көрініс тапты. ...
Толығырақ »САЙЛАУ
әңгіме Орман, барлық орман атаулы сияқты, кәдімгі жаңа патша сайлау алдындағы абыр-сабырға, қарбаласқа толы әбігер күй кешіп жатты. Бұл жолғы сайлаудың орны ерекше еді. Бұрын кімді патша тағайындайтынын, не үшін тағайындайтынын, неге Оны тағайындайтынын ешкім ешкімнен сұрап жатпайтын. «Мынау сендердің патшаларың» дейтін жоғарыдан. «Е-е, бопты, елімізге тыныштық, патшамызға қанағат бергей» дейтін ормандағы барлық тіршілік атаулы бірауыздан келісіп. Енді, міне, сұрап қалыпты: ...
Толығырақ »Қостанай театрының табысы
«Бүгін театрдан жылап қайттық. Тасжүрек қоғам. Тасбауыр ұрпақ. Тастанды ата-ана. Өкініш-запыран, шерге толы дүние. Талауға түскен тағдырлар… Осындай көріністің бәріне Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің «Өкініш» спектаклінің тұсаукесерінде куә болдық. Өте әсерлі. Қойылымның бір ерекшелігі, актерлердің барлығы дерлік жастар болғанмен, анау Қарттар үйіндегі қариялардың рөлін қалай сомдады десеңізші. Режиссері де жас талант – ...
Толығырақ »Қасқырдың қолқасына сұғылған қол
«Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп ұлы Абай айтқан қазақтың аңшылық салт-дәстүрінен асқан ғанибет мен үшін де кездесе қоймайтын сияқты. Бәлкім, бұлай деуіме өзім туып-өскен ауыл аңшыларымен етене араласып, солардың тәжірибесін жас санаға сіңіріп өскендіктен бе, кім білсін?!. Айтқандай, мен он жасымнан бастап көнекөз шалдардың қасында жүріп, аңдардың күз айларындағы жалғыз аяқ соқпағы ...
Толығырақ »Сөнбес сәуле
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлы жайында 1975 жылдың күзінде мектепті тамамдағаннан кейін, ҚХР ШҰАР Күнес ауданы Телғара ауылындағы мектепте жылға жуық жұмыс істедім. 4-сыныпқа сабақ беріп жүргенімде сыныптағы сүйкімді келген, ақсары бала ерекше көзге түсетін. Ол тек сабак үлгерімімен ғана емес, ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-5
29 қазан Біздің үйдегі теледидар кабелдік жүйеге қосылған. Бірақ мақтанғандай болмайын, бұл жүйе қазір кез келген үйде бар ғой. Айтайын дегенім, Әлімнен кейінгі нағашымның 4 жасар кіші ұлы Әмір үйде тіптен теледидар көрсетпейді. Қазақ тіліндегі бағдарламаларды көрейін десем, «Nikelodeon» деген шетелдің күндіз-түні мультфильм беретін арнасына қосып қойып, соған телміріп отырғаны. – Әмір, сен далаға ойнап келе қойшы, кәмпит беремін. Мен ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-4
14 қазан Бүгін талантты жазушы Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» атты хикаятын оқып бітірдім. Керемет жазылған шығарма екен. Кезінде танымал жазушы Әбіш Кекілбайұлы осы туынды туралы: «…қайталап айтып беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойың он саққа, санаң сан саққа жүгіріп, ойланасың, тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырай құлазып, тебіренген сайын теңселе күйзелесің. Нағыз өнердегі «шок терапиясы», — деп жазып, жоғары бағасын ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-3
2 қазан Астанада күн суытып барады. Әрі қай жақтан шыға беретіні белгісіз, әйтеуір дамылсыз соққан өкпек жел. Бір тыным жоқ-ау, тыным жоқ. Бұл жақта қыс қатты болады ғой. Қар молынан түседі. Бірақ қала көшелерінде тракторлар ерсілі-қарсылы жүріп, қардан тазартады. Сыпырады. Содан соң да жеңіл машиналар емін-еркін жүреді. Астанада өткен Жаңа жыл мерекесін теледидардан көргенім бар-ды. Сонда кәдімгі алаңда мұздан кішігірім ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-2
18 қыркүйек Бүгін сыныптасым Саматпен төбелесіп қала жаздадым. Бірақ сабыр сақтап, өз-өзімді салмақты ұстадым. Өзім ауылдан жақында ғана келдім ғой?! Ол да біреуді мазақ қылмаса тұра алмайды-ау, тұра алмайды. Маған «Солақай, солақай, ұялсаңшы, балақай» деп өзінше ұйқастырып, әбден зықымды шығарды. Енді «шыдамның да шегі бар» демей ме?! Содан оған «мен солақай болсам, сен шошқасың!» деп айтып салдым. Балалар ду күлді. ...
Толығырақ »