Атам қазақта «әкесі достың баласы дос» дейтін аталы сөз бар. Иә, менің де әкемнің өзімен сыйлас әрі құрдас жандарының бірі Ғазиз қажы Әмірханұлы болатын. Ал өз ретінде Ғазиз әкеміздің баласы Шоқан қажы менімен сыйлас бауырымыз. Міне, сөйтіп, өткен сенбіде Қостанай қаласында Ғазиз қажының құрметіне өткізілген шараларға қатысып келген түрім бар. Әуелі Қостанай облысы Білім басқармасының мұрындық болуымен Ғазиз Әмірханұлының 90 ...
Толығырақ »Tag Archives: Торғай
Болшы бекем, Торғайым!
Құт мекенім айықпастай қайғы алды. көрді қауым басынан бақ тайғанды. Бөкендердің жайылымы болған жер, Бөтендердің қоқысына айналды. Ұлыларым ұлықтаған бұрынғы, Қарт Торғайдың халі нашар бүгінгі. Баға жетпес анамдай ең ардақты, Нақ цифрмен белгілепті құныңды. Алған қаржы қай жыртықты жамасын, Жан жарасын қай дәкемен таңарсың. Жер-ана деп жар салуда адамзат, Жалға берген жан бар ма екен анасын. Халық кетсе дала боздар ...
Толығырақ »ҮКІМЕТ 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ ПА!?.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ Аса құрметті де қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтерген «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстандағы қасиетті жерлерді анықтап, сол тарихи мекендерді қадірлеп, сақтау бойынша республика көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай киелі өңірдің бірі – тарихы терең Торғай даласы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. Әлем көз тіккен ...
Толығырақ »Торғайдағы келелі істер немесе «Жеріне ағаш емес, Адам өскен жер»
Бәріміз де ауыл баласымыз, мен де Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы бұрынғы «Еңбек» кеңшарының орталығы Көкалат ауылындағы Албарбөгет орта мектебінде оқыдым. Ол кездері бір жылғылардың 2 не 3 сыныптары болатын. Нақты есімде қалғаны 1990 жылғы аталған Албарбөгет мектебін бітірген кезде жалпы санымыз 46 ұл-қыз едік, кейбірі 8 жылдықты аяқтап кәсіптік білім беру мекемелерінде оқып, еңбекке ерте араласты. Әйтеуір жақсы жері ...
Толығырақ »Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!
Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?.. Екіншіден, ...
Толығырақ »Ауылдағы алты әңгіме
I әңгіме «Арсыз жеңдім дейді, бейбақ көндім дейді» — қазақ мақалы! Сонымен, 5 қазан күні Астана-Арқалық бағытына жүретін поезға отырып, елге тарттым. Әуелі көлікпен шығатын болып едім, 6 күні сағат 15.00 өтетін қоғамдық тыңдаулардан қалып қоярмын деген қауіппен ол ойдан бас тарттым. Себебі көлік сынуы мүмкін, ауа-райының қолайсыздығы тағы бар және жолда бензиннің өзі қат деген ақпарат жеткен болатын. Және ...
Толығырақ »Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..
Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар. Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...
Толығырақ »Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта
(Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай. Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта. Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің. ...
Толығырақ »ҚАРУЫН ТАСТАМАҒАН ҚАҺАРМАН
…Ел жадынан әлі өше қоймаған, құпиясы мен күмәні көп өткен ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі – Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Алаш қозғалысына қатысты мәселе. Әлі күнге дейін Торғай елінің халқы көтерілістің басталуы, патша әскерлерімен бірнеше рет жан алып, жан беріскен шайқастар ғана емес, Амангелдінің өлімі, Кейкінің шырғалаңға толы тағдыры мен қазасы, Әлібиге қатысты қайшылықты пікір, Әбдіғапардың өлімі, Торғайда ...
Толығырақ »Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат
Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі Көкембайұлы туралы әңгімелерді әрқайсымыздың аталарымыз бен әжелеріміз аңыз қылып айтып отырушы еді. Сондай әңгімені ең алғаш рет Кейкі батырдың көп жүрген жерлерінің бірі Ұлы Жаланшық өзені бойында Қатеш әжем аузынан естіп едім. Жыл сайын жаз мезгілінде қырдағы Әбілда нағашымыздың ауылына баратынбыз. Сонда Қатеш әжеміз Кейкінің ...
Толығырақ »