Таспа

Tag Archives: Үкімет

Қостанай облысында электр желілерін жөндеу үшін Үкіметтен 1,3 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының ...

Толығырақ »

Премьер-министр Арқалыққа жаңа әуежай салу керек екенін айтты

Үкімет басшысы депутаттық сауалда көтерілген осы мәселеге қысқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Смайылов не дейді Үкімет басшысы облыс әкімдігі Арқалықта әуежайдың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлайды. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын, перронды, аэровокзалды және әуежай инфрақұрылымын тексеру үшін 9,5 млн теңге бөлінгенін жеткізеді. – Зерттеу нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, ұшақтарға қызмет көрсету үшін жаңа жабдықтар ...

Толығырақ »

Торғай облысы жабылғаннан кейін бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап кетті — Берік Бейсенғалиев

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдап, 1997 жылы Торғай облысы жабылғаннан кейін жол бойында орналасқан бұрынғы аудандарда өмір сүру қиындап, көптеген тұрғын жұмыссыз қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бүгін Үкіметке «Орталық – Батыс» көлік дәлізін құру жобасы бойынша автожол салу және реконструкциялау мәселесін қозғап, депутаттық сауал жолдадық. Көлік дәлізін жобалауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард ...

Толығырақ »

Қостанай облысында сағат белдеуі қашан ауысады?

Бұл сұраққа СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жауап берді, деп хабарлады Elorda.info. Техникалық реттеу және метрология комитетіне қоғам қайраткерлері, ғалымдардан бірқатар облыста сағат белдеуін өзгерту мүмкіндігін қарастыру туралы өтініштер бірнеше мәрте келіп түсті. Соның ішінде Қостанай облысы да бар. Осы мәселені қарастыру бойынша бірқатар тапсырма болды. Сондықтан ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы жанданады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ...

Толығырақ »

«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…

Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...

Толығырақ »

Бір деректің ізімен: Жақып Дәуренбекұлын кәмпескелеу актісі

Қазақ даласында советтік сталиндік биліктің зардабын тартпаған әулет кемде-кем. Қанды қырғын, әсіресе, байлар мен діни адамдарға, зиялыларға қатты тиген. 1928 жылдан бастап қазақтың бай-бағландарын қуғынға ұшыратып, жер аударып, мүліктерін тәркілеген. Байларды құрту арқылы халықтың тіршілігін тұралатып, шаруашылығына орасан кесірін келтірген. Өйткені, бай бір ауылдың тізгінін ұстап отырған. Совет үкіметінің қисынға келмейтін «солақай саясаты» Тосын құмын мекен еткен Шақшақ Жәнібек әулетін ...

Толығырақ »

Қазақстанның биылғы табысы Apple табысынан 10 есе аз

Әлеммен алыс-берістің артуына жеке министрліктің құрылуы да серпін бере алмады деп жазады inbusiness.kz. Бүгінде бір тосын көрініс қалыптасуда: ресми көрсеткіштерге үңілсек, Қазақстан дәл бір жан-жағынан қыспаққа қалып, экономикалық блокадаға түсіп, санкциялар соққысынан бас көтере алмай жатқандай сезім туады. Өйткені біраз уақыттан бері республиканың дүниежүзі елдерімен сауда-саттығы құлдырап бара жатыр. Биыл бұл көрсеткіш, әсіресе, экспортымыз рекордтық деңгейде құлдырады. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы ...

Толығырақ »

Қостанай облысы да жеткілікті қаражат бөлмеген

Премьер-министр Асқар Мамин өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жақсартуға тиісті қаржы бөлмеген өңірлерді атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.  Премьер-министр Мемлекет басшысының жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша міндеттер қойғанын айта кетті. «Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек. ...

Толығырақ »