«Дәрі-дәрмектен қағылдық»: Қоғамдық бақылау тобы жауап берді

Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты.

«Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын зерттедік. Олар дәрігерлердің жұмысына сын айтып, үйде өздігімен емделіп жатқандарға препараттардың жеткізілмей жатқанын хабарлаған. Әрине, бұл тұста учаскелік мамандар мен халық арасында түсінбеушілік туындаған. Қазір дәрігерлердің жағдайын түсінуге болады, уақыт жағынан үлгермей жатыр» деді .

Екіншіден, тұрғындарға да тиісті түсінік жұмыстары жүргізілмеген. Жалпы медициналық препараттар барлығына тегін емес. Тегін дәрі тек емханада жатқандарға, жағдайы қиын пациенттерге беріледі. Ал үйде оқшауланған науқастар өздерінің қалталарынан қаржы шығарып, дәрі-дәрмек сатып алулары тиіс. Бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Тек халыққа ақпараттық-насихаттау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмегенінен осындай мәселе туып отыр», — деп атап өтті Қоғамдық бақылау тобының жетекшісі Несібелі Бәсенова.

Қоғамдық бақылау тобы Жітіқара ауруханасының кіреберісіндегі термометрияның жоқтығын ескертті. Сондай-ақ қабылдауға кезекте тұрған пациенттер арасында қашықтықтың сақталмауы анықталған. Бұл мәселе аурухананың бас дәрігеріне жеткізілді.

фото: Қазақпарат

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...