Tag Archives: Оқиға

Қостанайда әйел өзін өртеп жіберді

Оқиға Қостанайдағы «Складская» көтерме-бөлшек сауда алаңында болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әйел үстіне белгісіз зат құйып, өзін өртеп жіберген. Кәсіпорын аумағында төтенше жағдай орын алды. Полиция фактіні растады. «Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды» деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. ...

Толығырақ »

Қостанайда автобус жол жұмысшысын қағып кетті

Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаменті растады. Ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 ақпан күні, яғни бүгін қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті. Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 2,5 айда 130 өрт тіркелген

Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрт құрбаны болды, барлығы 130-дан аса өрт оқиғасы тіркелген деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. «Облыста жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт тіркелген. Осылайша, өсім 5%-ды көрсетті. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапқан, алдыңғы жылы құрбандар саны 11 болған, өсім – 27%», — делінген ведомство таратқан ақпаратта. Өрт ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі Джип көлігі соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған. «Екі Джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды», ...

Толығырақ »

Мәскеуде қайтыс болған үш азамат Қостанай облысының тұрғындары екен

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған» деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы ...

Толығырақ »