Мәскеуде қайтыс болған үш азамат Қостанай облысының тұрғындары екен

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған» деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілген. «Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдік-құқықтық көмек көрсетеді, соның ішінде қайтыс болғандардың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыруға жәрдем береді» дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, үш қазақстандықтың денесі Мәскеу облысында, жүк көлігінің кабинасынан табылған болатын. Кабинадан газбен жанатын шам табылды. Оны жылыну үшін пайдаланған болуы мүмкін. Ер адамдар газдан улану салдарынан қаза тапқан болуы ықтимал, алайда өлімнің нақты себептері тек сараптамадан кейін белгілі болады.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...