Tag Archives: Торғай

Тосынқұм

Торғай жерінің бір пұшпағы — Тосынқұм туралы Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып ...

Толығырақ »

Туған жер — Торғайым

Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...

Толығырақ »

Тарихи 26 тамыз жайында

26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің советтік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру жөнінде арнайы Декрет шығарған еді. Бұл Ресей патшалығы жойған елдігімізді жаңа тұрпатта жаңғыртуға тырысқан ...

Толығырақ »

1992 жыл: Торғайға табан тіреген Тұңғыш (видео)

Бұл — Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 2 қыркүйекте Торғай облысына жасаған жұмыс сапарының бейнежазбасы. Торғайлықтар Елбасын қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашу шашып қарсы алды. фото: yvision.kz

Толығырақ »

«Қазақстан барысы» турнирінде торғайлық қос балуан белдеседі

Ертең елордада қазақ күресінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан айтулы бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және күштік құрылымдар арасындағы турнирде іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады. Осы орайда Қостанай облысының атынан белдесетін балуандар Асылбек Әбдіров пен Ғабит Балғынбаевпен аз-кем әңгімелесіп, турнирге дайындық барысын сұрадық. – «Қазақстан ...

Толығырақ »

Торғай жері Ресейдің сынақ алаңына айналатын болды

Ресей зымырандары «қазақ жеріне құлауға» кезекті мәрте рұқсат алды. Ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу үшін Қостанай облысы Жангелдин ауданында алты мың гектар жер бөлінеді. Жақында Қазақстан Үкіметі осы мақсаттағы келісімнің жобасын мақұлдады. 23 мамырда Үкімет қаулысымен мақұлданған келісімде Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. Келісім жобасында: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан солтүстік бағыттағы жаңа трассамен «Союз-2» типті зымыран тасығыштарды ұшыру, осы сынды ...

Толығырақ »

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНЫҢ қалжыңдары

Бір орыс елінің қатыны… Cейіт Кенжеахметұлы Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдары «Қазақ тілі» қоғамының Торғай облысындағы филиалы төрағасы қызметін атқарды. Сол жылдары қоғамның үлкен жиналысы болып, жиналыста сөз алған Сейіт: – Біздің Торғай облысында Надежда Крупская атында совхоз бар, Н.Крупская атында мектеп бар, Н.Крупская атында көше бар, Н.Крупская атында дружина бар, Н.Крупская атындағы отрядтар бар. Бір жігіт ағасына ренжігенде «Бұндай ...

Толығырақ »

Қостанайлықтар Ғафу ақынды еске алды

Қостанайдағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында аса көрнекті ақын Ғафу Қайырбековті 90 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Жиналғандарға ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ақынның туғанына 90 жыл толуына байланысты шаралар оның туған жерінде кеңінен аталып өткенін айтты. «Ғафу ақынның туғанына 90 жыл толуына арналған үлкен іс-шара Астанада өтті. Туған жері де ...

Толығырақ »

Жеріміздің қалай уланып жатқанынан еш хабарымыз жоқ…

1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...

Толығырақ »

Арқада жер еркесі Қызбел деген…

Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған ...

Толығырақ »