Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараны орталық директоры Гүлім Ысмағұл құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан болатын» деген мекеме басшысы, тарих беттерінен ойып ...
Толығырақ »Tag Archives: Торғай
Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!
Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді. Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...
Толығырақ »Торғай неге туристерге тарс жабық
немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...
Толығырақ »Торғайдың дәстүрлі қылқобыз орындаушылары туралы
Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде көнеден жеткен қобыз аспабы киелі саналады. Қоңыр дауысты, тембрі бай, мұңлы-зарлы үні бар қобызды екінің бірі ойнай бермеген. Көп жағдайда жыраулар мен абыздар, бақсылар қолданған қобыз әдеттегі саз аспабы емес, бақсы-шамандардың құралы деген де пікірлер қалыптасқан. Қазақ арасындағы аңызда қобызды ойлап тауып, алғаш тартқан адам Қорқыт деп айтылады. Осы Қорқыттан қалған қобызшылық өнер Торғай өңірінде де ...
Толығырақ »PRIMARIES. Гүлім Ысмағұлдың сайлауалды бағдарламасы
Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды. Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым. Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру ...
Толығырақ »Бүгін — жерлесіміз, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Бүгін жерлесіміз, Ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Ұлт ұстазы Ахаңның туған күні құрметіне 5 қыркүйекке ауыстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Жангелдин ауданы ...
Толығырақ »Ғафу – жыр, Ғафу – сыр…
Жасы үлкен, қызметі жоғары болса да, көргеннен-ақ жатсынбай жаныңа өзі келетін, жасыңнан үйір жақсыңдай, жайдары шырай беретін жақсы азаматтар болады. Соның бірі, бірегейі ісімен де, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге, көзі тірі болса осы жылғы он бесінші тамызда жасы 85-ке келетін осы ақын Ғафу ағамыз еді. Ол кісінің өзін көрмей тұрып, мектептің жоғарғы сыныбында оқып жүрген кезімізде ең алғаш кездескен өлеңіне тамсана ...
Толығырақ »Тәуелсіздіктен де жақсылық көрмеген Торғай еліне Алла жар болсын
Алақандай Арқалықтан бейресми деректер бойынша бүгіндікке 18 адам қайтыс болыпты, сенбейін десем, тек өзім танитын 6-7 кісінің қазасын естіп отырмын. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, ғалым Айбек Қалиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сондай-ақ ол қала тұрғындары дәрі-дәрмек таба алмай, сандалып жүргенін жеткізді. «Тіске басар таблетка таппаған жұрт тентіреп кетті, ақыр аяғы Аллаға аян! Не ақ патшадан, не ...
Толығырақ »Торғай даласынан «Алтын адам» табылды
Торғай даласынан сақ дәуіріне жататын «Алтын бұйымды адамның» қорымы табылды. Археологтар мұндай көне жәдігер бұл өлкеде алғаш рет кездесіп отырғанын айтады. Яғни, аймақтың тарихы үшін «Алтын адам» табылғанымен бірдей. Қос өзен тоғысып, жазық пен тау сілемдері түйіскен тұс – көне сақ тайпаларының қорымы болғанға ұқсайды. Осы жерде 20 шақты обаның орны бар. Қазба жұмыстары 2017 жылы басталыпты. Содан бері төрт ...
Толығырақ »COVID-19: Індет Торғайға да жетті
Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап. 8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді. Сондай-ақ, коронавирустық ...
Толығырақ »