2020 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бизнесті жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 24 млрд теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде 140 кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсетілді. Қордың кепілдігін 3,5 млрд теңгеге 104 кәсіпкер иеленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Даму» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Пандемия болған соң ҚР Үкіметі ШОБ мемлекеттік қолдау бағдарламасына бірқатар маңызды ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді — Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100 комбайн жұмылдырылған, ...
Толығырақ »Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...
Толығырақ »Президент Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі» деп жазды ол.
Толығырақ »Ішкі саясат басқармасына басшы болып Бибігүл Аққожина тағайындалды
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бибігүл Бүркітқызы 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ішкі саясат саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да психология оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық ...
Толығырақ »Биыл 170 есірткі қылмысының жолы кесілді — облыс әкімі
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, онда алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады, Қылмыстық және Әкімшілік кодекске, сондай-ақ Халық денсаулығы туралы кодекске түзетулер енгізу туралы бірқатар заңға қол қойылды, онда қылмыстық және ...
Толығырақ »«10,8 млн теңге»: Қостанай шенеуніктері кәсіпкерді пара беруге мәжбүрлеген
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Alau.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеген. Қазірде ...
Толығырақ »Әйгілі «Қара бүркіт» колониясы бастығының апасы мәлімдеме жасады
Жуырда парамен ұсталды деген «Қара бүркіт» түрмесінің басшысы Арман Әбілевтің туысы «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне жүгініпті. Ол өзінің тегі мен жүзін көрсетуден бас тартқан. Бұл әрекетін ол кейін өзіне және ағасына кері әсер етуімен түсіндірген. Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ...
Толығырақ »2 аптада пневмониямен ауырғандар саны 5 есе төмендеді — Архимед Мұхамбетов
Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі коронавирустың өңірде таралуына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір 2158 төсек-орын қосымша дайындалды, оның ішінде 1704-і — провизорлық стационарда. «Соңғы 2 аптада пневмониямен ауыру өткен кезеңмен салыстырғанда ...
Толығырақ »Қостанайда 3-17 тамызда карантиндік шаралар күшейтіледі
Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды деп хабарлады ҚазАқпарат. 2020 жылдың 3 және 17 тамыз аралығында облысы аумағында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады. 1)Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі. Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және ...
Толығырақ »