Қостанай облысының Жанкелдин ауданы аумағына зымыран қалдықтары құлады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Бидашевтің айтуына қарағанда, зымыран қалдықтарынан қауіп жоқ. Бұл халықаралық OneWeb бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. «Зымыран сынықтары аудан аумағына 7 ақпан күні құлады. Бұл арнайы келісім бойынша жасалып отыр. Тұрғындарға ескертілді. Химикаттар немесе сұйықтықтар жерге төгілген жоқ. 10 ақпанда сынықтар ...
Толығырақ »Tag Archives: Қостанай облысы
Арқалықта колледж директоры қаржы жымқырғаны үшін жазаланды
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп ...
Толығырақ »Қостанайда бір жылда 20 мың автокөлік құрастырылды
Қостанайда өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылса, оның дені экспортқа шығарылыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов айтып берген. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайтып жатқан көрінеді. «2019 жылы 20 мың автомобиль құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. 2018 жылғы 10 айда 9 321 бірлік шығарылған. Кәсіпорын биыл 25 мың автомобиль құрастыруға ниетті. ...
Толығырақ »Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. Кәсіпорын директорының айтуынша, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді. «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар ...
Толығырақ »Қостанай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған. «Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл ...
Толығырақ »Қостанай облысы қарқынды дамып келеді
Архимед Мұхамбетов Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Аймақ басшысы брифинг барысында 2018 жылы өңірде барлығы 291 көлік экспортталса, жыл басынан бері 1 886 көлік сыртқа сатылғанын айтты. «Капиталды көп қажет ететіндердің бірі — машина жасау саласындағы жобалар, — деді Архимед Мұхамбетов. — Өңірде ...
Толығырақ »«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысы республикада алдыңғы үштіктің қатарында
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа үйге қоныстанған 108 тұрғынға пәтер кілттерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бұл шағын аудандағы зәулім үйлердің барлығы да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Облыс әкімі тұрғындарды ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, өңірде жүзеге асырылып жатқан тұрғын ...
Толығырақ »Сапарбаев Қостанай супермаркетін аралады
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім ...
Толығырақ »Нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұнның наны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Соның салдарынан тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден ...
Толығырақ »Лисаков қаласында әктас өңдеу зауыты ашылады
Қостанай облысы Лисаков қаласында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде өткен баспасөз мәслихатында Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Лисаков қаласында өткен тоғыз айда өнеркәсіптік өндіріс саласы ілгерілеп, 46 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өңдеуші өнеркәсіпте де байқалады. Мұндағы көрсеткіш 6,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда 29%-ға ...
Толығырақ »