Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам — ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысуда деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміздегі ...
Толығырақ »Tag Archives: ҚР Білім және ғылым министрлігі
ЖОО-ға түсу өтінімдерін ұялы телефон арқылы беру енгізілмек
Білім министрлігі жаңа цифрландыру Тұжырымдамасын даярлады. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлем тез дамуда. Біз оны көріп отырмыз. Біздің балалар жылдам өзгеретін әлемде өмір сүретін болады. Біз басқа мемлекеттердің жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап, жаңа цифрландыру тұжырымдамасын дайындадық. Осы тұжырымдама негізінде бір үлкен сұраққа жауап ...
Толығырақ »ҚР БҒМ фейк-ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жалған ақпарат тарату фактілері туралы мәлімдеді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ағымдағы жылдың ақпан айында ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі жарияланған соң, еліміздің бірқатар ғалымы ұлттық ғылыми кеңестерден, ҚР БҒМ-нан, Ғылыми комитеттен, басқа да меморгандар мен БАҚ өкілдерінен даулы мәселені егжей-тегжейлі түсіндіріп беруді сұраған болатын. «Бұл ретте, интернет-ресурстардың бірінде мемлекеттік орган қызметінде ...
Толығырақ »Елімізде ІТ-мамандарын даярлайтын ЖОО рейтингі жасалады
ІТ-мамандардың білім сапасын арттыру мәселесіне екпін қойылып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде IT мамандығы бойынша 84 ЖОО-да 33 мың студент және 300 колледжде 24 мың студент оқиды. Жыл сайын оқу орындарын 10 мың студент және колледжді 8 мың студент бітіреді. Біз жоғары ...
Толығырақ »Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек — Е.Сағадиев
Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керекпіз. Оны қайталап тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және ...
Толығырақ »Еліміздегі мектептердің 99 пайызы интернетке қосылған
Шалғайдағы ауылдарға электронды күнделікті, барлық пәндер бойынша үздік видео-сабақтарды қолжетімді ету міндеті тұр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мектептердің инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Қазір мектептердің 99 пайызы интернетке қосылған, бірақ оның ішінде тек 62 пайызы жылдам интернетке қосылды. Бүгінде 2,5 мың мектепке немесе 35 пайызында ...
Толығырақ »Студенттер үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады — Елбасы
2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында белгіленген бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бүгінгі таңда еліміздегі ЖОО-ларда 530 мыңға жуық жас өрен білім алып жатыр. Олардың ішіндегі 30 пайызы мемлекет бөлген грант бойынша оқуда. Жоғары білім беруді қолжетімді әрі сапалы ...
Толығырақ »Білім ресурсын кімдер былықтырып жіберді?
Астана қаласында ҚР БҒМ білімнің барлық деңгейдегі басшыларынан цифрлы білім ресурстарын қажетсіз және жасанды пайдалануға жол бермеулерін сұрайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім және ғылым министрлігі Bilimland цифрлы білім ресурсын қолдану бойынша бірнеше ұйымға қойылған тапсырманың бұрмаланғаны туралы фактілердің болғанын мәлімдейді. Аумақтық Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мектептердің жекелеген басшылары «Bilimland» ресурсын ...
Толығырақ »0-сынып 2020 жылы енгізіледі — Білім және ғылым министрі
Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізудің неліктен 2020 жылға ауыстырылғанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 75 мың мұғалім біліктілік курсынан өтеді, 30 мың мұғалім кретериалды бағалау және оқытудың әдістері секілді тренерлік курстарынан өтеді. «Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты 2019 жылы енгізу қойылған. Бірыңғай бағдарлама мен мұғалімдер ...
Толығырақ »Мектептер 100 пайыз цифрлық ресурстарға қосылды — Ерлан Сағадиев
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында білім берудің жаңа мазмұнына көшу туралы қазақ және орыс тілінде жасаған баяндамасында оқулықтарды сатып алуға қосымша қаржыны қажет ететін өңірлерді атап көрсетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. «Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектебінде, одан кейін 30 пилоттық мектепте апробациядан ...
Толығырақ »