Кәсіпкерлерді ынталандыратын келісім

Меморандум двусторонний_ соцпоекты

Қостанайда «Еуразиялық группа» ЖШС, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта аймақта әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және шағын кәсіпкерлікті несиелендіру туралы келісімдер қамтылған. Меморандумға сәйкес, «Еуразиялық группа» серіктестігі көлемі 18 мың шаршы метр болатын 5 көпқабатты тұрғын үй салады. Бұл нысандар Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар кентінде бой көтереді. Жергілікті биліктің міндеті құрлыс салынатын жерді инфрқұрылыммен қамтып, заңдық құжаттарды әзірлеу. Сонымен қатар екі спорт кешені, бір мұражай күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 1 млдр 300 млн теңге жұмсалады. Ал шағын және орта бизнесті несиелендіруге алпауыт кәсіпорын 300 млн теңге бөледі. Тағы 300 млн теңге облыс әкімдігінен қарастырылады. Бұл қаржы негізінен моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

«Егер берілген қаржыны игеру ойдағыдай болса, несиелендіру жұмысы әрі қарай жалғасады. Яғни, мұнымен тоқтап қалмаймыз. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да осы бағытқа қаржы құятын болады. Бәрі кәсіпкерлердің іскерлігіне байланысты. Біз өз тарапымыздан оларға ешқандай кедергі, тосқауыл болмауын қадағалаймыз», – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қор өкілдері қандастармен кездесті

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің белсенділері Рудный қаласына арнайы барып, қандас, ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *