Monthly Archives: сәуір 2016

Сәби туралы сыр

(Эссе)  Отан отбасынан басталады. Отбасы – өзің, жарың, балаң.  Яғни, отбасының жауапкершілігі – бүкіл отанға деген жауапкершілік. Бірақ үйленгенде осының бәрін ойлап жатпайсың. Жұрт үйленіп жатқан соң, бір қызбен көңілің жарасқан соң, үйленесің. Ата-ананы қуанттың, өзің мәз болдың. Бір-біріңді қызықтап жүргенде бір күні жеті түнде жарың құлағыңа сыбырлап: «Біз үшеу болатын болдық», –  дейді. Сен түсінбей аң-таң боласың. Оған жарың ...

Толығырақ »

Жасасын жемқорлық!

«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Дәл осының дұрыс сөз екеніне білдей бір университеттің журналистика факультетінің студенті атанған күні көзім жеткен еді. Сөзімнің сиқына қарап әкемді дөкейлердің бірі екен деп қалмаңыз. Жоқ, әкем әліпті таяқ деп білгенімен, саналы ғұмырының төрт жылын қозы бағып, қалған қырық төрт жылында қой баққан қазақ. Баяғы сапқоздың көп қойынан тігерге тұяқ қалмай, жұрт ...

Толығырақ »

Үндістандағы қазақтар

Жалпы, Үндістанға қазақтардың келуін Ұлы Моғолдар империясының негізін қалаған Бабырмен және сол Үндістанның Кашмир аймағын билеген Мұхамед Хайдар Дулатимен байланыстыруға болады. Ал шындығында, біздің арғы ата-бабаларымыз, яғни далалықтар есте жоқ ерте дәуірден бері Үндістанмен тығыз қарым-қатынас жасап, көп уақытта сол жерді бағындырып, өз билігіне де алып отырған. Оған өз заманындағы қуатты империя болған ежелгі Кушан мемлекеті мен эфталиттердің (ақ ғұндардың) ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы бұрмаланған жер-су атаулары туралы немесе ономастика комиссиясына құлаққағыс

Таяуда Тәжікстанда Чкалов деген қаланың аты өзгертіліп, оған тәжікше атау беріліпті, әншейінде «Джамшут» деп қорлап, «гастербайтерлер» деп кемсітетін тәжіктердің ұлттық  сана-сезімдері бізден жоғары болып тұр. Бұл атауы қайтарылған қала аты Тәжікстандағы орыс тіліндегі соңғы атау екен. Ал, бізде, Қазақстанда жағдай қалай, нақтырақ айтсақ Қостанай облысындағы жер-су атауларына аздаған талдау жасап көрейікші. Қостанай облысының мына төмендегі атауларына қарап мен кейде Ресейде ...

Толығырақ »

ТАБАЙ БИ

Есімі Арқа мен Атырау, Торғай мен Орынбор көлеміне кеңінен тараған Табай атты шешен болған. Оның туған жері Торғайдың Аққұм, Жыланшық бойы. Нелер бір шешімін таппаған, шиеленген дауға  түскенде жұрт кедейлігімді, жетім екенімді білсін дегендей: Әкем қара түн, Шешем қара күң, Кедейліктен мінім жоқ, Жарлыға күлер күнім жоқ. Кешегі бар бүгін жоқ. Аталы сөзді аттасаң деймін сенің түбің жоқ – деп ...

Толығырақ »

Қойшығұл

(әңгіме) Елуiншi жылдардың ортасы. Бiздiң бала кезiмiз. Ауылымыз кең-байтақ қазақ даласының бiр түкпiрiнде, аудан орталығынан алшақтау болғандықтан өсе алмай, баяғы мешеу күйiнде қалып қойған, әртүрлi тарихи-әлеуметтiк апаттардан зардапты көбiрек шеккен, ескерусiз ескi мүлiктей көзден таса, жабайылау, жадаулау ел едi. Кино, концерт дегендер бiздер үшiн ертегiмен бiрдей. Жан дүниемiзде әлдебiр рухани аштықтың белгiсi сезiлетiн. Ауданға облыстан әртiстер келiптi деген хабар естiсек, ...

Толығырақ »

Сирия сергелдеңі

1-cурет. Еуропаға жетуге тырысып жатқан Сирия босқындары «Араб көктемі» ең бірінші Солтүстік Африкадағы Тунис мемлекетінде басталған еді. 1956 жылы Франциядан тәуелсіздігін жариялаған Тунисті Хабиб Бургиба басқарған болатын, кейін 1987 жылы премьер-министр лауазымына Хабиб Бургиба тағайындаған Зин эль-Абидин Бен Әли кейін билікті өз қолына алады. Ал, оның тақтан таюына араб елдерінің ішінде алғаш рет осы елде басталған «Араб көктемі» (Туниске қатысты ...

Толығырақ »

АРЛАН арман

Әміржан көпшілікке Аркадий атты есімімен жақсы таныс. Ол туғанда әуелі Әміржан атаған әкесі кейін құжатына орыс досының атын жаздырады. Кейбіреулер оның негізгі атын әлі күнге дейін білмейді. Күрестің бес түрін меңгерген Аркадий Ахметов Қостанай облысы Қарасу ауданының тумасы. Спорт шебері. Алғашқы жаттықтырушысы – Борис Данияров. Кейіннен Айдарбек Әкелбеков, Олжабай Сәрсенбаевтар тәлім берді. Ол – қазақ күресінен, дзюдодан, еркін күрестен, самбодан ...

Толығырақ »

Көршінің қызы

Ауылға келгеніме үш күн болды. Түсте тас төбеден күн жарқырап, аңызақ жел соғып, берекені алатын. Бесін уақытында тіршілік тоқтап,бәрі бір сәт тынығады. Күн ыстығы ауып, басылған соң ғана күйбін тіршілік әрімен домалап кете береді. Түнде әр жерден ауыл жастарының ысқырығы мен дамылсыз, бірінен бірі іліп алып кететін абалаған иттердің үргені ғана естіледі. Сондай түндердің бірінде дөмбекшіп төсегіме сыймай, далаға шықтым. ...

Толығырақ »

Думан РАМАЗАН; жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты: Қаламгер үшін ең үлкен бақыт – ұлтына адал қызмет ету

– Думан аға, сіз қазір елге танымал қаламгерсіз. Есіміңіз елдің аузында жүр. Зырғыған уақытпен бірге атақ-абыройыңыз да артып келеді. Шығармаларыңызды жұрт сүйіп оқиды, оқырмандарыңыз көп. «Сырт көз – сыншы» дегендей, оның бәрін көріп, біліп, бақылап жүрміз. Сондықтан да алғашқы қояр сауалымыз, жазушылық жолға қалай түстіңіз? Әдебиет әлемінде жарық жұлдыз болып жану бала кезгі арманыңыз ба, жоқ әлде ақыл тоқтатқаннан кейін ...

Толығырақ »