…Батырға да, байға да пана болған Жыланшық – құтты мекен, киелі өңір. Талай тарлан ұлылар қатарында дәулеті асқан байлар да осы өңірден көп шыққан. Себебі, жері малға жайлы, ауасы дертке дауа, жанға шипа, шөбі шүйгін – қыратында қырық түрлі шөп өскен шұрайлы қоныс. Осы ұлы Жыланшық бойында халқына қайырымы мол, қолы ашық, жомарт Бірәлі Бектасұлы мекен еткен. Бұл кісі Қыпшақтын ...
Толығырақ »Monthly Archives: ақпан 2016
Сөнбес сәуле
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлы жайында 1975 жылдың күзінде мектепті тамамдағаннан кейін, ҚХР ШҰАР Күнес ауданы Телғара ауылындағы мектепте жылға жуық жұмыс істедім. 4-сыныпқа сабақ беріп жүргенімде сыныптағы сүйкімді келген, ақсары бала ерекше көзге түсетін. Ол тек сабак үлгерімімен ғана емес, ...
Толығырақ »Менмұндалаған Мұнанай!-2
Бұл жерде тағы бір шегініс жасап көрейік, жалпы, Мұнанай деген сөзді Меновой, яғни, айырбас не Меновой двормен байланыстаратынын айттық, ондай айырбас сарайлары Орынборда, Троицкіде болған, қазақтар Орынбордағы Меновой дворды да жиі пайдаланатын болған соң, онымен шатастырмас үшін Троицкінің жер аты Мағынаймен атаған дұрыс болар, негізі Мағынай деген жер аты, ол Қостанай облысының Қарабалық ауданында орналасқан, Троицкінің өзі Қазақстан шекарасынан бар ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-5
29 қазан Біздің үйдегі теледидар кабелдік жүйеге қосылған. Бірақ мақтанғандай болмайын, бұл жүйе қазір кез келген үйде бар ғой. Айтайын дегенім, Әлімнен кейінгі нағашымның 4 жасар кіші ұлы Әмір үйде тіптен теледидар көрсетпейді. Қазақ тіліндегі бағдарламаларды көрейін десем, «Nikelodeon» деген шетелдің күндіз-түні мультфильм беретін арнасына қосып қойып, соған телміріп отырғаны. – Әмір, сен далаға ойнап келе қойшы, кәмпит беремін. Мен ...
Толығырақ »Арқалықтық боксшылардың арыны қатты
Арқалық қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі бокс секциясының бапкері Марат Сейітмағанбетов қуанышты хабармен бөлісті. Бұл туралы arknews.kz хабарлады. 1998-1999 жылдары дүниеге келген қыздар арасында Денисовка ауданында Қостанай облысының чемпионаты өткізілді. Онда арқалықтық боксшы, ҚР чемпионы, Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектеп оқушысы Жанна СЕРІКОВА 57 келі салмақта қарсыластарынан оза шауып, қанжығасына жүлделі 1-орынды байлады. Сонымен қатар, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған ...
Толығырақ »Радионың рахатын-ай!..
Мен «журналист» деген куәландыруы бар жылқының тіліндей жұп-жұқа қызыл дипломның иесімін. Жұмыссыз жүргеніме бүгін тура жарты жыл болды. Газет редакцияларының табалдырығын тоздырған екі аяғыма өгізге жеккен арбаның дөңгелегінше өнімсіз жүріс жүктеліп, тағы да «екі қолға бір күрек» іздеп шықтым. Жалдап тұрып жатқан жазғы сарайыма жүз метрдей ғана қашықтықтағы автобус аялдамасына жеткенімше, әй, сол бір сағаттың о жақ, бұ жағындағы уақыт ...
Толығырақ »Кенжебектің күнделігі-4
14 қазан Бүгін талантты жазушы Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» атты хикаятын оқып бітірдім. Керемет жазылған шығарма екен. Кезінде танымал жазушы Әбіш Кекілбайұлы осы туынды туралы: «…қайталап айтып беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойың он саққа, санаң сан саққа жүгіріп, ойланасың, тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырай құлазып, тебіренген сайын теңселе күйзелесің. Нағыз өнердегі «шок терапиясы», — деп жазып, жоғары бағасын ...
Толығырақ »Азаттық үшін жасалған алғашқы қадам
ХХ ғасырдың аяқ кезінде Ресей империясының ішкі әлеуметтік саяси жағдайында орын алған тоқырау қазақ даласын да қамтыды. Бұған кезінде патша үкіметі түрлі саяси қозғалыстарға қатынасқандығы үшін Қазақстанға жер аударылған зиялы қауым өкілдерінің де ықпалының мол болғандығын атап айтуға болады. Сол кезде бірнеше саяси қуғынға ұшыраған адамдар Торғай қаласына да жер аударылған болатын. Олар өздері ұстанған күрес идеясын жергілікті ұлттан шыққан ...
Толығырақ »Алланы жырға қосқан ақындар-2
Мырзахмет Қажыгелдіұлы деген атпен елге танылған тағы бір ақынның өмір жолы таңғажайып. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, «халық жауы» атанса да қызыл көздердің қолына түспей, өмір бойы қашып жүріп ғұмырын өткізген ақын Қостанай облысының Сарыкөл өңірінде «Ленинград» ұжымдық кәсіпорнының Қарашілік ауылында туған. Сол тұстағы отарлау саясатының Совет үкіметі тұсында да жалғасып отырғанын көре білген ақын: «Ұрыса қалса бозбала, ...
Толығырақ »Батыр жасау бизнесі
Ит сатып көрдім. Ит дегенің он теңгеден «оптом» алып, бытырлатып он бес теңгеден сататын (шіркін!) шемішке емес екен. Шыр жұқпады. Иттеріме кінә жоқ, итше күшіктеуін күшіктеді. Бірақ шайдан қалған шайындым олардың қорегіне жетпеді. Ақыры, иттей болып жүріп ол шіркіндерден құтылып тындым. Ең соңғы қалған тұқымды төбетімді сүйек-саяқ сатып алып тұрған қасапшыға қарызымның өтеуіне төледім. Бит сатсам деп ойланып көрдім. Бит ...
Толығырақ »