Кәсіпкерлерді қолдауға арналған көрме

4

Отандық кәсіпорындар шығарған құрылыс материалдары мен қаланы абаттандыруға арналған бұйымдар шетелдіктерден кем түспейді. Тек оларға танымалдылық пен қолдау қажет. Осы мақсатта Қостанайда ерекше көрме ұйымдастырылды. Көрмеде құрылыс материалдары мен ойын алаңқайларын, сәулет, спорт бұйымдарын жасайтын 22 кәсіпорынның өнімдері жұртшылық назарына ұсынылды. Олардың ішінде Қостанайдан бөлек Қарағанды, Ақмола облыстарынан келген тауар өндіруші компаниялардың өкілдері бар.

Айта кету керек, биыл Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың ұсынысымен «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы бастау алды. Соның аясында қаланы абаттандыруға ерекше көңіл бөлінбек. Бір ғана мысал, жол жөндеуге бөлінетін қаражат 4,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл – жылдағыдан екі жарым есе көп. Сондай-ақ абаттандыруға жұмсалатын қаржы да қомақты. Әкімдік құрылыс, жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлек, жергілікті тауар өндірушілерді көптеп тартуды көздеп отыр. Ал бүгінгі көрме – өндіруші кәсіпорындардың бір-бірімен танысып, білісуіне жасалған зор мүмкіндік.

«Біздің кәсіпорындар жасаған бұйымдар жоғары сапасымен ерекшеленеді. Қаланы көркейту әрі қаржыны үнемдеу үшін олардың тауарларын сатып алуға баса мән беретін боламыз. Отандық өндірушілерді қолдау – Елбасы тапсырмасы», – деді Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Түркияда жаһандық туризм өкілдері бас қосады

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – ...