Жуырда Екібастұз қаласында қазақ күресінен 2001-2003 жылы дүниеге келгендер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Онда жерлес спортшымыз жақсы нәтиже көрсетіп, шеберлігінің арқасында І орынға ие болды. Бұл туралы arknews.kz хабарлады.
Республикалық додада Арқалыққа қарасты Родина орта мектебінің 9-сынып оқушысы Тимур ӘБУТАЙ 55 келі салмақ дәрежесінде 4 кездесу өткізіп, барлық белдесуінде қарсыластарынан басым түсті. Ақтық белдесуде Қызылорда қаласының жас палуанымен шығып, нәтижесінде таза жеңіске жетті.
Жаттықтырушылары – А.Ерәділов, С.Рыздықов, Б.Мұхамедияров.