«Мәрліні ұмытқан» дəрігердің арды да ұмытқаны ма?!

мақта

Қазіргі таңда Қостанай облысында дəрігер маман жетіспейді. Оны құзырлы орындар да жиі айтып жүр. Білікті маман қажеттілігі қатты сезіліп тұрған өңірдің бірі Қостанай облысының Жангелдин ауданы. Мұнда ақ халатты маман саны аздығымен қатар барының өзі біліксіз сыңайлы. Бұлай деуімізге себеп – сол өңірдің тұрғыны жариялаған жанайқай. Роза есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз жазбасында Жангелдин аудандық орталық ауруханасындағы сорақы оқиғаны баяндаған. Яғни, бас дəрігердің біліксіздігінен жас босанған ана ажал құша жаздаған. «Тобыл-Торғай» сайты бұл келеңсіздікке көз жұма қарай алмады. Төменде шалғай аудандағы шалағай бас дəрігердің істеген ісін қаз-қалпында жеткізіп отырмыз. Құзырлы мекемелер, жауапты жандар көрер, шара қолданар деген ниетпен.

Tobyl-torgai.kz

Антыңа адал бол, дəрігер!

Иә, былай деуімнің өз себебі бар, əрине, көпке де топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес, əртүрлі, біреулер ақ батасын айтса, кейбіреулер өкінішін айтар…
«Ақ халатты абзал жандарға» өмірімізді сеніп тапсырамыз кəдімгідей, тек қана бір адамның өмірі болса жарар, бірақ іштегі періште сəбиімен қоса қолына сенімді түрде тапсыру қиын болатын сиякты біздің ауданда!
Бұрыннан қанағатшыл қазақ «жаным қалды ғоймен» ашып ештеңе айтпайтын сияқты.
2013-тің маусымының 5-і, түс ауа дүние есігін ашуға ертерек жиенім келді Олжа олжалатып, бірақ анасына кесер тілігі (кесарево) жасалды. Əйтеуір аман-сау қалды деп шүкіршілігімізді білдіріп, рахметімізді айттық ақ халаттыларға.
Бірақ тура 3 жылдан соң, тəтем қайта-қайта ауырып, ауруханаға қаралып жүрді, аса мəн бермеді. Аудандық ауруханаға қаралды, əдеттегідей диагноз қоя алмады, анау депті, мынау депті, облыстық ауруханаға жолдама берді, УЗИ-ға түсті, анық болмады, сонымен, 3 айдың жүзі болды іші ісіп, 3 жыл болған тілігінің асты қатты ауырып, Арқалық қаласына барды. Дəрігерге барып қаралды.
1 тіледі, 2 тіледі – ірің шығады, артынша жіптің қалдықтары шығып жатыр екен. Сонымен, тереңнен тілу керек екенін айтып, бірден тілсе, сол 3 жыл бұрынғы отадан қалған 3 дана үлкен МƏРЛІ шыққан. Ал енді бұған не дейсіз?!
4 баланың анасы, Алла өзі сақтасын, бірнəрсе болса не болады, 4-еуі жəудіреп қалмай ма?! Қайдағы ебедейсіз біреулердің кесірінен, беті аулақ, Алла өзі ондайдан сақтасын!
Содан Торғайға келіп айтса, отаны жасаған хирург мырза «мен қашан жасап едім оны?!» деп тіпті мəн беріп тұрған жоқ дейді. Өзіне айтпағаны жоқ екен, қарғап-сілеп, масқарасын шығарған.
«Құрысын, болары болды, бояуы сіңді» деп, «қой, шүкіршілікпен қоя салайық» десе де болмай, келесі бір жанға осындай кесірі болмасын деген, əркім өз ісіне нақты қарап істесін деген ниетпен жазып отырмын…

Розаның Фейсбук парақшасынан

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты (ВИДЕО)

Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылындағы аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты. Олар бір топ ...

Бір пікір

  1. Сұмдық екен! Бас дәрігер Қақанай деген ағай емес пе еді? Әлде басқа ма?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *