(Әліби Жангелдин туралы естелік) Атақты Қобланды батырдың Тоқтар атты баласынан туған бестаңбалы Қыпшақ – Бұлтың, Көлденең, Торы, Ұзын, Қарабалықтың анасы айтыпты деген мынадай аңыз бар: Бұлтың бітті бойыма – бейшаралық кірді ойыма. Көлденең бітті бойыма – ұрлық кірді ойыма. Торы бітті бойыма – зорлық кірді ойыма. Ұзын бітті бойыма – билік кірді ойыма. Қарабалық бітті бойыма – байсалдылық кірді ...
Толығырақ »Monthly Archives: тамыз 2016
Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру керек пе?
Қазақ тілінің ұлттық корпусы — белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды нұсқада жинақтап, толықтырып отыруға бағытталған тілдің ақпараттық-анықтамалық ашық жүйесі. Жай ғана мәтін базасы емес, белгіленім қойылған базасы, яғни миллиондаған сөзқолданыстан тұратын электрондық мәтіндер базасындағы кез келген сөз өз «паспортын» алады, оның лексикалық мағынасы, грамматикалық белгілері, аудармасы, этимологиясы, мәдени семантикасы түгел көрсетіледі. Демек, Корпус тілтанушылар мен it-мамандар бірлесе отырып қана жүзеге асырыла ...
Толығырақ »Қостанайдағы «қара таңба» қашанғы тұрмақ?!
Биыл Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, ол ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмек. Демек, әлемдік қоғамдастық тарапынан да еңбегі мойындалған тұлға. Әлихан Бөкейхановқа арналған ғылыми-практикалық конференция Қостанайда да өтті. Онда әлихантанушы ғалымдар Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірін Әлиханның атына беруді ұсынды. Біртуар қайраткерге арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғимараттардың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкейхановтың ...
Толығырақ »Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ: Жайсаңбек салған жол жалғаса береді…
Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» (бүгінгі «Біздің Торғай») газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы ...
Толығырақ »Жасындай жауға тиген Шәкір батыр…
Шәкір батыр жайлы ауылда жүргенде шама-шарқымша ізденіп көрген едім. Батыр жайлы деректер жоқ деуге болмас, алайда, аз екені рас. Мұхамеджан Сералиннің «Наурызбай-Қаншайымында» ептілігі суреттелсе, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайында» ерлігі баяндалады. Ал, Нұрхан Ахметбековтің «Жасауыл қырғынында» «қыстауын қитабаның шауып» алған қатыгез қарақшы ретінде көрсетіледі. 2002 жылдары ауылда жүргенде түбі керек болар деп, әуесқой камераға туысы Әбілдә әкемді жазып алған болатынмын. Кейін екі ...
Толығырақ »Арманға бай ғұмыр
(Мейрамбек Төлепберген мен Мылтықбай Ысмағұл) Эссе «Торғайдан хабарласып тұрмын!» деген таныс дауыс естілгенде, қуанып қалатын едік… Әсте, Алматыға алғаш барған адамның бойында арманшыл қасиет оянып, бір тылсым күштің әсері ме екен, бұдан былай тек жақсы өмір сүргісі келетін құдірет пайда болады. Табиғаты ерекше әсем, келбеті ғажайып қаланың құшағы бар қазақ баласы үшін ашық әрі ыстық болуы да бозбалалар мен бойжеткендерді ...
Толығырақ »Абылай МАУДАНОВ: Әдебиет жасалмайды, әдебиет туады
Әдебиетті жасайтын кім? Әдебиетті тудыратын ше? «Әдебиет жасала ма?» десек, «Әдебиет туады» дейтін пікірді кесе-көлденең ұстанатын бұл жігіт Астана мен Алматыдан шалғайда Қостанайда тұрады. Бүгінгі кейіпкеріміз – ақын Абылай Мауданов. Ол – Жангелдин ауданының Көкалат елді мекенінде туып-өскен. – Абылай, «Әдебиет порталы» «Әдеби үрдіспен» жас ақындардың өлеңдеріне жақсы талдауды бастады. Алайда кейбір талдаулар ақынның да, оқырманның да көңілінен шықпай тұр. «Сын шын ...
Толығырақ »