Нұржамал Бозшинаның үй дауымен әуре болып жүргеніне алты жылдан асып барады. 1993 жылы мемлекеттік бағдарламамен берілген, оның өзінде талай табалдырықты тоздырып жүріп әрең алған баспанасын бүгінде басқа біреулер иемдеыніп отыр. Нұржамал апаның айтуынша, үйге иелік еткендердің ісі – заңсыз, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық.
«Балаларым әкелеріне қарайласып тұрды»
Бозшин Сәбитбектің (Нұржамал апаның жұбайы) отбасы 1983 жылға дейін Амангелді ауданының Крупская (қазіргі Қабырға) кеңшарын мекен еткен. Кейін аудан орталығына көшіп келіп, Жалдама көшесінен 32-ші үйді сатып алады. Уақыт өте үйдің тозығы жеткен соң, баспана кезегіне тұрады. 1993 жылы мемлекеттік бағдарламамен 100 үй тұрғызылғанда, Тойтөбе көшесінен (нақты мекен жайы: Тойтөбе, 6) бұларға да бір баспана беріледі. Әрине, оған құжат дайындап, біраз жүгірген Нұржамал апа болатын.
– Сол үйімізде кіші ұлымыз Сайлаудың қолында келініміз, немереміз бар, бәріміз бақытты ғұмыр кешіп жаттық, – деп бастады әңгімесін бес баланың анасы. – Ұлым жедел жәрдемде жүргізуші болып жұмыс істеп жүрді. Күйеуім де шопыр. Өзім қолөнер цехында тігінші болдым. Сол өнеріммен елге де танылып, мерзімді басылымдарға мен туралы мақалалар шығып тұрды. Телеарналардан түсірілім тобы келіп, хабарлар жасады. Аудандық газетте өзім шығарған өлеңдерім жарияланып, мәдени шараларға белсене араласып, айтыстарға қатыстым… 1996 жылға дейін жұбайым екеуміз балаларды оқытып, үйлендіріп, тұрмыс құрғызып, бірге жеткіздік. Денсаулығым әуелден мәз емес-тін, 1975 жылы Алматы қаласының онкология-родология ауруханасында жатып, ем қабылдадым. Алланың сәтімен, алты айдай дегенде елге оралдым. Бірақ, жылдар өте денсаулығым қайта сыр берді. Бірде ауру, бірде сау қалпыммен ағайын-туыстың қуаныш-қайғысын көтерісіп жүрдім. Әсіресе, сырқат меңдеген кез 1994 жылдан басталды. Үшінші, екінші топтағы мүгедек болдым. «Асқынған созылмалы бронхит» деген диагнозбен ауруханаға жиі барамын…
Бұдан басқа да аурулары мазалап, оның үстіне олай-бұлай қатынап жүру қиынға соққан соң, балаларының өтінішімен 1996 жылы Арқалыққа тұрақтап, сонда жатып емделеді. Алғашында қалаға түбегейлі көшуді ойлағанымен, Амангелдідегі үйі өтпеді. Әрі қолдарында аз-мұз мал болды. Шалы «малға ие боламын, кейін үйді сатып барамын» деп ауданда қала берді.
– Уақыт өте ауруым асқынды. Ондай да болады екен, өзім өсіп-өнген туған жердің ауасы жақпады. 2004 жылы Қостанай ауданының Октябрь (Казахстанец) ауылына көшіп келдік. Алланың рақымымен денсаулығым жақсарыңқырап, мүгедектіктен шығуға өзім ниет білдірдім. Бұрынғы өнерімді қайта қолға алып, тігіншілікпен айналыса бастадым, – дейді Нұржамал Тұрғалиқызы.
Бірақ тағдырдың келесі бір соққысы оны тағы саңсыратып кетті. 2009 жылы ұлы Сайлаудан айырылып, ауыр қайғы қабырғасын қайыстырды, одан сайын мүжілді. Ол кезде жұбайы тірі болатын, ұлының жерлеуіне келді.
– «Ол жақтың ауа райы маған жақпады, әкелеріңді көшіріп әкеліңдер» деп балаларға үнемі айтып отырдым. Олар Амангелді жиі барып тұрды. Әкелерін көшіріп алмақ болды. Бірақ Сәбитбек «елден кетпеймін» деп, Арқалыққа да, Қостанайға да жылжыған жоқ. Ұзынқұлақтан естуімше, бір баласы бар панасыз Күнсұлу деген әйелге аяушылық білдіріп, үйге кіргізіпті. «Квартирант» есебінде. «Әкемізге тамағын істеп берер, тұра берсін» деді балаларым. Арқалықтағы ұлымыз Рахымжан «Алюминийқұрылыс» ЖШС жүргізушісі. Олай-бұлай қатынағанда әкесіне отын-су апарып жүрді. Қыздарымыз Жұмагүл мен Лиза тамағын, дәрі-дәрмегін жеткізіп беретін. 2008 жылы Қостанайдағы ауруханада емдетіп, одан соң қыздарының үйінде қонақ болып, бір ай жатты. Әкелерін қалдырмақ болған, бірақ көнбеді. Кейінгі жылдары ауырыңқырап жүргенін естідім. 2010 жылы дүниеден озды. Балаларыммен, туыс-туғаныммен барып, қазақтың рәсімімен ақ жуып, арулап жер қойнына тапсырдық.
Бұл – Нұржамал апаның «балалары әкесіне қарайласпады» деген қаңқу сөздерге айтып жатқан уәжі, жауабы.
Сонымен, не керек, аруақтың беті жасырылмай жатып, үй мәселесін ешкім қозғамайды. Алайда, әлгі паналап кірген әйелдің сонда тұрып жатқанын еститін. Кейін сол әйелдің туыстары үйді «сатып алыпты» деген хабар бұлардың құлағына жетті. Бір шикіліктің бары сезіледі. Баласына, немересіне мұраға қалуға тиіс дүниеге неге біреулер иелік етеді?! Үйді сатуға немесе сатып алуға олардың қолында қандай заңды құжаттары бар?! Бозшиндерді осындай сұрақтар мазалай бастады.
– Марқұмның жылдық асы берілгенше тілімізді тістеп жүрдік, – дейді енді бұдан әрі соза бермеуді түсінгендер. – Содан мән-жайға алдымен барлау жасап көрдік, заңсыздықтың орын алғаны тайға таңба басқандай анық байқалып тұр.
«Адвокатым алдап соқты»
Нұржамал апаның айтуынша, Күнсұлудың туыстары Разия Ильясова деген нотариусқа барып, «үйді жеңгесіне сатты» қылған. Үйдің бірде-бір құжатын қалдырмапты.
– Жухина Бірәш деген жеңгесіне сатып жібергендей жалған құжат дайындаған. Оны естігеннен кейін мен де іздене бастадым. Бұрын өзімнің жанымды салып, талай табалдырықты тоздырып алған баспанам еді. Оған қалай күйінбейін?! Бұл еңбегіме куә көзі тірі адамдар бар әлі. Жағдайға байланысты, маған да адвокат жалдауға тура келді. Арқалықта тұратын Сманов Бахтёр (біз Бахтияр дейтінбіз) деген қорғаушыға сенім арттым. Істі қолына тапсырдым. Бұл 2010 жылдың аяқ кезі болатын. Анық-қанығын сұрастырсам, үйді сатарда бірге тұрған әйелінен және балаларынан «отказной» керек екен. Бірақ сатылым жүргізілгенде бізден оны сұраған жоқ. 2011 жылдың күзінде адвокатым Бахтёр Сманов сотқа бір күн қалғанда хабарласып, Амангелді ауданында өтетін сотқа шақырды. Балаларымды, ағайын, куәларға хабарлайын дегенде, «апа, ешкімнің керегі жоқ, жабық сот болады» деді. Мен ойландым да, жұбайымның туысы Жұмалин Сәбитке телефон шалып, түскі сағат 15.00-де болатын сотқа келуін өтіндім. Тағы бір-екі жақын-жуықтарыма хабарластым. Кешкісін пойызға отырып, келесі күні түсте Арқалыққа түстім. Кенже қызым Раяны ерте шыққан едім. Адвокат бізді күтіп алып, таксиге 8000 теңге ақша төлеп, Амангелдіге тартып отырдық. Келсек, сот алдында мен шақырған адамдар тұр екен. Ал қарсы жақтың жақтаушылары қаптап жүр, арасында мен танымайтын адамдар да бар. Мен шақырғандардан куәлігін әкелген Жұмалин Сәбит қана сот процесіне қатыстырылды. Қарсы жақтың адамдарының көбі кіріп, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай қылып соқты. Таңертеңнен нәр татпай шыққандықтан әлсіреп, ауырып отырдым. Сотта біраз сөзімді айта алмадым. Сағат 16.00 шамасында басталған сот бір сағат дегенде аяқталды. Мен сот шешіміне келіспей, аппеляциялық сотқа беруге бекіндік. Содан қайтар жолда қорғаушым Бахтёр маған «апа, қатырамын, үйіңді қайтсем де қайтарамын» деп сендірді. Мен оған өз ұлыма сенгендей иландым. Оған ендігі сотқа куәгерлерді көп шақыратынымды айттым. Ол келісті, – деп алғашқы сотты еске алды шағымданушы.
Қостанайда аппеляциялық сот болып, оған Арқалықтан қайынсіңлісі Несібелді Рашитова, төрт баласы, құдағиы Күнсұлу, қайнысы Қуанышбай Искаков және тағы басқалар қатысады. Қарсы жақтан Бірәш Жухина ғана келеді.
– Сот басталардан бір апта бұрын куәгерлердің құжатын тапсырып, алдын ала тіркеуі керек екен. «Мен бітірген оқуды сен де бітірдің, неге сол құжаттарды уақытында тапсырмадың?!» деді судья менің қорғаушыма. Сөйтіп, шақырған куәгерлерім көрермен ретінде ғана қатысты. Бірәш Жухина үйді заңды сатып алғанын айтты. Сот бізге Сәбитбек Бозшиннің «өз қолымен» жазылған қолхатын көрсетті. Қыздарым оны көріп, «әкеміздің жазуы емес» деп, күнделік жазып жүрген блокнотын салыстырып көрсетті. Әуелде сот кінә өздеріңнен дегендей болған. Қыздарымның көрсеткен дәйектерінен кейін істі кассациялық сотқа қалдырды. Кассациялық сот та ештеңе шешпеді. Онда қарсы жақтан ешкім келмеді. Қорғаушым Бахтёр Сманов пен балаларым болды. Олар қарсы жақтың келмеуін алға тартып, істі қайтадан Амангелдіден бастау керек деді. Бұл – адвокаттың сөзі. Нотариус Ильсова Разия мен Сманов Бахтёр жерлес әрі ағайындас, бұрынғы әріптес екен. Істің дұрыс жүргізілмеуіне осы кедергі болды деп ойлаймын. Құдайдай сеніп жүрген адвокатым Сманов Бахтёрді қитұрқы әрекетке барады деп ойламаппын. Ана-мынаны сылтау етіп, істі қожыратып, соза берді. «Жабық сот өтеді» деп басынан бастап мені алдағанын кейін білдім. Істі өзіме бергеннен кейін тексеріп қарасам, кейбір құжаттарымды әдейі жоқ қылып жіберген. Зейнеткерлікте жүрсем де, ешкімге қол жайып, қиянат жасамап едім. Иненің жасуындай болса да кісіге көмегім тисе деп жүретінмін. Бұл қалай болғаны?! – деп күрсінеді ана.
Бахтёрден кейін де үш адвокаттың көмегіне жүгінеді. Біреуі денсаулығының нашарлауына байланысты істі жалғастыра алмайтынын айтса, қалған екеуі мандытып ештеңе бітірмеген. Тіпті, ҚР Жоғарғы Сотына да шағым түсірген. Оның жауабы төмендегідей:
Нұржамал Бозшина әр мереке сайын Қостанай облыстық балалар үйіне барып, жетімдердің маңдайынан сипап, қолдан келгенше сыйлық үлестіреді.
– Мені бәрі сол үйдің әжесі атап кеткен. Олар алғыс хатын жолдап, мені де қуантып қояды. Жетпісті алқымдаған зейнеткермін. Затобол кентінде пәтер жалдап тұрып жатырмын. Әрине, балаларым көмектесіп тұрады. Қолымда бір немерем бар. Қанағатшыл, тәубәшыл адаммын. Бірақ еңбегімнің еш кеткенін қаламаймын. Әділетсіздік, өтірікпен жаным қас. Көз алдымдағы әділетсіздікпен күресіп, әділ заң орнасын деймін. Сол үшін де адвокаттарға ақша төлеп, өз еңбегіммен табан тоздырып алған үйім үшін күресіп жүрмін. Бір шешімін табар деп, алдымен Алладан, содан соң заңнан, жақсы жандардан үміт күтіп жүрген жайым бар, – дейді Нұржамал апа. – Қоса кетейін, отағасымен 37 жыл отасып, қос қолдап жиған дүниемнің бір қасығына тимей үйде қалдырдым. Біз, өйткені, жұбайымызбен ажырасқан жоқ едік. Өзім қолыммен тоқыған, балаларым мен немерелерімнің есімдері жазылған кілемдер, бағалы хрустальдар, ыдыс-аяқтар, неше түрлі жиһаздар, көрпе-жастықтар, тұрмыстық техникалардың бәрін тиеп әкетіпті. Үйдегі төрт тоннадай темір-терсекті өткізіп, ақшасын қалтасына басқан. Сөйтіп, үйіммен қоса дүние-мүлкімнен де айырылдым. Қазір біздің сол үйді жалға беріп отырған көрінеді.
Нұржамал апаның жатса-тұра бар тілегі – әділеттіліктің орнауы. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тоқтау болса дейді. Төменде бәлен жыл көрші болған адамдардың берген түсініктемелері де бар. Онда Нұржамал Бозшина жақсы сипатталады.
Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ,
Қостанай облысы
Біреудің баспанасын басқа біреу заңсыз иеленіп кете ала ма?!
Өкінішті… Осындай жасқа келгенде, ананың далада қалғаны ма? Түбінде бұған кім жауапты?
Соңғы кездері осындай жағдайлар көбейіп өршіп барады. Сонда адам құқығын кім қорғайды? Ақиқат қайда
Менин ойымша бул натариустын тикелей кинаси.Бес баласы занды,айели бар адамнын олардын руксатынсыз калай саткан?Бул занга тикелей кайшы.Бундай адилетсиздикке карт ана калай карсы тура алады?
Шындык кайда?Акикат кайда?Кари кисини осылай алдауга болады ма екен?!
Уй калай сатылды?Ерли зайыптылардын урыксатысыз?Баспана сатылган да миндетти турде Нуржамал аженин урыксаты керек емеспе был жерде айдан анык адвокатпен нотариус кинали бул арекеттери занга карама карсы есеспе, адлетсиздик казак та макал бар ози жоктын кози жок деген сыртынан тон пишип жемкорлыкка барган истеп билемин
ананы жылаткан адамдар онбасын адлет кайда?зан кайда?
где справедливость? это полная коорупция
Ажені осындай жаста аладыға қорларға болама?? жəнеде ол кісінің рұқсатынсыз қайдағы бір жүрген квартирантын женгесіне сатуға болмақ ол заңға қайшы емес пе? Бұл тікелей нотарустын кінасы үлкен қарат Атаны ауырып жүргенде сату жөнінде документе қол койдырған Онын балалар əйілі бұл жайлы түк білмеге. Бұл сонда қалай жан ұядағы барлық адамдарын рұқсатынсын бұндай іске қалай барады.
Бұл тақырыптың оқып шықанда Ностарус пен Адвокат өздері жерлер болған кейін мына өзін қорғалушысын емес жерлерін қорған. Егерде адвокат осылай бұл істе өзін осылай корсетсе басқа істерде тек өзін жерлестеріне көмектесетіні болған ба Адвокат болғана кейін өзін жерлестер үшін емес əділдік үшін болу күресу керек емес өзін жұмысын тоқтату керек бұндай жағдайда БАХТИЯР СМАНОВТын Кінəлі
Мына кісінің проблемасы шешіліп пе? Заң органдары оқыды ма екен? Әлде міндетті түрде интернетті шулату керек пе екен?
əділеттік қайда? жасы келген əжені осыншама сандалтып жүргізуге бола ма? заң органдары қайда қарап отыр екен? қарапайым адамның заңға сену сенбеуі осындай оқиғаларға байланысты емес пе? менің білуімше ерлі зайыпты болғаннан кейін алынған мүлік барлық отбасына тиесілі емес пе? отбасы мүшелерінің рұқсатынсыз үй қалайша сатылады? бұл оқиғадан кейін қалайша əділеттікке сене аламыз?
жылжымайтыне муликти саткан кезде кейуананын сенимдилигин пайдаланган бул жагдайда аскан касиби биликтиги бар мамандардын араласкандары дурыс бул тикелей натариустын кинаси
Ананы ауриеге салып ережеге сай жумыс аткармаганы ушин ауриге салган адамдар жазалануы тис акимшилиг алдында жауапка тартылуы керек дурысын айтканда кай себеппен сатылды калай сатылды ?натариусты жауапка тарту керек
кейуананы толгадырган маселе талай есикти тоздырып алган ушин зан тургысы дурыс карамай,патер жалдаушы айелге бурганы дурыс емес ол киси зан жузинде ажыраспаган ауырып тагдырдын талкегине тусип ауруханаларда емделип жургенде уйн патер жалдауши айелге сатып жиберген бул нотариус зан зан бузганын билдиреди
Ананы зарлатып жылаткан биреуге жаман,биреуге жаксы болып,мандай теримен алган уйн натариус жолдас патерши айелдин еншисине сатканда уй иеси шалды айели кайда?балалары кайда?деген сурактар койылмаган ба?некелесип алган айели кайда? сол некеден туган балаларынан сурайык деп ойламган ба?????
Балаларын кредитке киргизип канша мындаган акшасын пайдаланып кейуананы алдаган нотариус озин жазалау керек бунин бари натариус тын иси
жылжымайтын муликти нотариуссыз алу мумкин емес акылга симайды кинали натариус
Ананы жилаткан адамдар бул омирде онбайды