Министрлерді мінегеннен мүйіз шыға ма?!

БАК

Үнемі кемшіліктері көзтүрткі болып, басынан дау арылмай келген ҚР Білім және ғылым министрлігінің қазіргі аяқ алысы қуантарлық. Негізінен Ерлан Сағадиев басқарғалы бері білімі біріздендіріліп, реформасы ретке келе бастағаны анық.

Жаңа министрдің тағы бір жағымды жаңалығы бар. Ол енді алдағы үш-төрт жылдың ішінде орысша оқитын жарты миллион оқушыны қазақша сөйлетпек.
Қазір мемлекетшіл министрдің маңызды мақсатын елге жанашыр журналистер ауыздан-ауызға іліп әкетуде. Сөзбе-сөз келтірсек, Ерлан Сағадиев Астанада өткен «Жас Медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан медиа саласының заманауи тұжырымдамасы» атты форумда былай деді:
«Үш тілді оқыту мәселесін көтергенде, біз алдымен ағылшын тілі туралы айтып жатамыз. Ол дұрыс емес. Бұл жерде алдымен қазақ тілі туралы айту қажет. Тағы да атап айтамын, үш тілділік – ең алдымен қазақ тіліне назар салады! Қазір оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде оқиды. Биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсырған оқушылардың 72 пайызы сынақты қазақ тілінде тапсырды. Назарбаев зияткерлік мектептері грантының 70 пайызын қазақ тіліне бөлді. Сондықтан жағдайымыз жаман емес… Бірақ, проблема қандай? Қазір орыс мектептерінде оқитын 500 мың бала қазақша сөйлемейді. Сондықтан министрліктің алдындағы ең жоғарғы мақсат – 3-4 жылда сол 500 мың баланы қалай қазақша сөйлетеміз деген мәселе. Олар қазақша сөйлеу керек қой?!.».

Міне, қазіргі Білім және ғылым министрін мазалаған басты мәселе! Ол үшін дұрыс оқыту әдістемесін жасау шарт. Сөйткен жағдайда, орыс мектептерінде қазақ тілінде өтетін сабақтар келесі жылда-ақ өзгере бастайды. Ал, әдістемені қазір үш-төрт зияткерлік институт бірігіп дайындауға кірісіп те кеткен. Ол дегеніңіз – анау-мынау емес, заманауи ғылыми зерттеулердің негізінде жасалған, компьютерлік моделдеуден өткен әдістеме болмақ. Ерлан Сағадиев осы оқу құралы арқылы кемінде үш жылдың ішінде балалардың барлығы қазақша сөйлеп кететініне сенімді. Тіпті, ынталы оқушының алты ай ішінде меңгеріп шығуына мүмкіндік бар көрінеді.

Министр екен деп мінеп, шенеунік екен деп шеней бермей, ұлдарымыздың осындай ұлтқа қатысты игі істерін де ескере жүрейік, әріптестер!

Еркеғали БЕЙСЕНОВТІҢ

Фейсбуктегі парақшасынан

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады

«Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр. ...

10 пікір

  1. Фариза Ермековна

    Өте дұрыс айтып отырсыз. «Бар болса, бере алмайды, жоқ болса, көре алмайдының» кері… Расында, қит етсе сынап-мінеп шыға келетіндер көбейді. Әсіресе, «сенсация» қуған кей журналистер осылай ақша тауып жүр… Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып…

  2. сауле байбосын

    мен де келесемін! Сағадиевтің келуімен барлығы орнына келтірілген, алдымен үштілдік мәселесі аса қуантарлық!

  3. оқушылардың көбісі қазақша сөйлейтін болады, ағылшын тілі де кедергі болмайды. ең бастысы сол емес па!

  4. Ия дұрыс ой толғау салыпсыз! Қазіргі таңда көпшілік азамат негатив ойлауға шебер , бір белгілі бола қалған жағдайда міндетті түрде теріс көзқараспен айтып әлек болады , бірақ былайша айтқанда дұрыс жағына назар аудармайды , пайда берер нәрсесін ұмытып кетеді! Айтқым келгені менде министр мырзаның қолдаймын! Жасап жатқан еңбегі өте зор.

  5. Еркежан

    байқап отсақ осы жылы Жаңа министр келгелі бері яғни Сағадиев мырза өз постына келгелі бері , білім сферасында көптеген өзгерістер байқап отырмыз! жай ғана өзгерістер емес , нәтижелі өзгерістер! Осыдан кейін осындай өз жұмысын білікті атқарып ,халқымызға елімізге пайдалы іс жасап отқан кісіні қалай сөгіп мінін іздеуге болады?! Ия барлық адамның міні болады , бірақ біздің міндетіміз қолдау көрсетіп дұрыс көзқараспен қарау

  6. Султан

    Салыстырмалы түрде қарасақ , қазіргі таңда жарияланған реформалар да , істелініп жатқан нәрселер де барлығы Мемлекетіміз дамуы үшін , болашаақ өсіп келе жатқан ұрпақтың сауатты болып өсуі үшін , оларды дұрыс жолға салып қызықтыра білу , және заман талабына сай білім алдырту бағытында жұмыс жасап жатқаны бәрімізге мәлім , бірақ осындай прогресстен қандай негативті көзқараспен қарауға болады ?! Түсінсем бұйырмасын

  7. Шапағат

    Сіздің ойынызбенн толықтай келісемін , жасап жатқаны біз үшін! Балаларымыз қазақ тілін жетік біліп сонымен қатар басқа тілдерді білсе одан не жаман?! керісінше заман талабы соны сұрап отыр емес пе

  8. Еркеғали мырза сіздің ойыныңызбен түбегейлі келісемін , оларды сөгіп жара бергеннен ешқандай мұйіз шыұпайды! Осылай осылай министрлердің істеген әрекеттері жарияланып отса , сөкпейтін еді деп ойлаймын

  9. Әділет

    Сағадиев мырзаны мақтан тұту керек! Қаншама өзгеріс алып келді білім сферасына , және де жайлап осы кісінің бағдарламалыр өз нәтижесін беріп жатыр! Алдағы уақытта тағыда көпетеген жетістіктерге жететініміз сөзсіз

  10. Нақ осылай! Қазір фэйсбукте тіпті далада да үкіметті жамандайтын жақсы да танымал бола қалады. Олай болмау керек. Бізге бірлік қана қажет.

Амина жазбасы үшін пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *