Қостанай облысының атауын өзгерту қажет

%d0%ba%d0%be%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b9

Қостанай облысының атауын Торғай облысы деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын. Торғай — тарихи атау. Қостанай облысы дегеннен гөрі Торғай облысы десек, күшті естіледі. Облыстың көп бөлігін Торғай даласы алып жатыр. Қостанай да бөтен емес, торғайлықтардың қонысы, жайлауы болған жер. Торғай деп атасақ, «Қостанай», «Торғай» деп бөлінуді қояр едік. Облыстың қазақылануына септігі тиеді. Қостанай мен орыс егіз ұғымға айналған сияқты. Қостанай облысы десек, есімізге қалың орыс түсетіні жасырын емес. Қостанайға көз алартқандардың үнін өшіреміз. Облысты Торғай деп өзгертіп, Денисов, Таран сияқты аудандарға қазақша атау беру керек. Торғай облысқа лайықты атау. Бар үміт аудан, қала, облыстың маубас депутаттарында. Архимед жаңалық ашады деп үміттенемін.

Дәулет СЕРІКБАЙДЫҢ

Фейсбуктағы парақшасынан

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *