«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастары Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасымен бірігіп қала көшелеріне рейд жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны, ең көп кездесетін қате, әдеттегідей, «Дукен» сөзі екен. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады.
Ең сорақысы сол, қостанайлық «тіл жанашырлары» «Складская» деген көше атауын өздерінше қазақшалап, «Сқладсқая» деп бадырайтып жазып қойыпты…
Күлесің бе, жылайсың ба?..
kstnews.kz
Ономастика комиссиясы қайда қараған?! Бұл не мазақ?! Қостанай облыстық әкімдігі, облыстық мәслихаты, Тілдерді дамыту басқармасы ай қарап, жұлдыз санап жүр ме?!