Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кетті. Оның қожайыны Сергей Кащенко жоғалған малы туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындады. Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Іс бойынша арнайы құрылған жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», — деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Барлық көршілес аудандар тексерілді, полицияның барлық жеке құрамы қылмысты ашуға жұмылдырылды. Күшейтілген іздеу жұмыстары жүріп жатыр». ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, Кащенконың үйірі жайылымда малшылардың қарауында болған. Алайда, олар тергеушілерге жоғалған жылқылар туралы еш құнды ақпарат берген жоқ. Үйір қожайыны әр жылқының жауырын тұсында «К» және «12» таңбалары бар екенін хабарлады және шығынды 20 миллион теңге деп бағалады. Жыл басынан бері Қостанай облысында 353 мал ұрлығы болды, оның 167-сі ашылды.
Қазақпарат
Мынаны да қараңыз
Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен
Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...