Головкин — Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды


WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің билеттері қашаннан бастап сатылымға шығатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылдың 18 наурызында өтетін кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бір орынның бағасы — 100 доллар. Ал ең қымбат билеттердің бағасы 1 000 долларға дейін жетеді екен. Қазақстандық боксшының жекпе-жегіне билеттерді Madison Square Garden кассаларында немесе Интернет арқылы сатып алуға болады.

Айта кетейік, Головкин — Джейкобс жекпе-жегін HBO телеарнасы (ақылы түрде) көрсетеді. Көрермен кездесуді телеарнадан көру үшін 54,95 доллар төлеуі керек.

Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық қарсыласы Давид Лемьемен 2015 жылдың қазан айында жекпе-жек өткізген болатын.

Тенгриньюс

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *