Еліміздің теміржол вокзалдарында тексеру процедурасы енгізіледі

Қазақстанның 16 вокзалында теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарылату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады.

«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды», — деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының Вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев. Ж.Көрпебаевтың айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажеттілігін мәлімдеді.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *