Қостанай облысы сотының залында әйелді пышақтап өлтіруге қатысты Мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері жазалануы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерлан Майоровтың мәліметі бойынша, 28 ақпанда Қостанай облысы МКҚБ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіле бастады. Тергеу шараларын облыс прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы жүргізіп отыр. Соталды тергеу қорытындыларын прокурорлар алда хабарлайтын болады.
Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен. Қаза тапқан әйел 30 рет пышақталған. Қайғылы оқиға кеше болған еді.
«Шын мәнінде, кісі өлтіру дерегі болды. Қайғылы оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Олар ажырасқысы келген. Ер адам әйелін пышақтаған» деп хабарлаған еді полицейлер.
tengrinews.kz