Қостанай қаласының билігі 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын көтеру туралы үкім шығарды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Енді қостанайлықтар автобустарда жол жүру үшін 60 теңгенің орнына 80 теңге төлейтін болады. Қала шетіне және саяжайларға баратын қоғамдық көліктердегі жолақы құны «әрбір шақырымға – 5 теңге» тарифі бойынша белгіленеді. 7 жасқа дейінгі балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, 1 және 2-топтағы көзі нашар көретін мүгедектер үшін жол ақысы тегін. 7-15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік сақталады. Зейнеткерлер барлық бағыт бойынша белгіленген тарифтен 10 теңге аз төлейтін болады.
Айта кетейік, Қостанайда жол жүру ақысы үш жыл бойы көтерілмей келген еді.
inform.kz