Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жұмыс жүргізуді бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қазір оқушыға артылатын тұтас жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген» деді вице-министр Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол министрліктің оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді» деді Б.Асылова.
Оның айтуынша, бұл мәселе педагогтар қауымында кең талқыланады, ал ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне жеткізілген.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *