Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК шекарашыларымен бірігіп жалған құжаттармен көлік жүргізген қостанайлықты ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Аят кеден бекетінде ұстады. «Күдікті «Mercedes-Benz» автомобилін жақында Челябіден сатып алғанын айтқан. Алайда, тұрғынды тергеу барысында оның жалған құжат жасағаны анықталды. Себебі сату-сатып алу шарты көліктің аталған азаматқа тиесілі екенін растамады» делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
inform.kz