13.02.2018

Қостанайда ауыр жұмыс істейтін нәзік жандылар саны көбейген

Қостанай облысында металл өңдеу, кен өндіру саласында жұмыс істейтін әйелдердің қатары өскен деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргуновқа сілтеме жасап. Басқарма басшысы айтқандай, өңірде аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық бойынша 3 мыңға жуық адам жұмыс істеп жүр. Бұл облыстағы жұмыспен қамтылғандардың 2,8%-ын құрайды. «Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан ...

Толығырақ »

Қостанайда 300-ге жуық дәрігер жетіспейді

Қостанай облысының ауылдарында әмбебап дәрігерлер жетіспейді, ал қалаларда салалық мамандар тапшы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркін Дәуітбаев айтты. Былтыр Тобыл-Торғай өңіріне 105 жас маман және 16 тәжірибелі дәрігер келген. Олардың арасында онкологтар, бала дәрігерлері, терапевт және хирургия саласының мамандары бар. Бірақ, бұл облыстағы кадр мәселесін толық шеше алмады. «Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас ...

Толығырақ »

Қостанайда 100-ден астам малдан қауіпті індеттің белгілері табылды

Қостанай облысында 115 үй жануарынан нодулярлық дерматит ауруының белгілері анықталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайға сілтеме жасап. Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат кеңесінде ветеринария саласының мәселелері қаралды. Жалпы, өңірде 2016 жылдан бері бруцеллезге шалдыққан қара малдың саны азайған. «Өңірде ауыл шаруашылығындағы жетістіктердің дені қай уақытта да эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығына байланысты. 2015 жылы өңірдегі үй ...

Толығырақ »

Қостанай астығы Түркияға жол тартты

Биыл 1,5 тонна астық Қостанайдан Түркияға жөнелтіледі деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Жақында Мерсинге қостанайлық «Асун» ЖШС-не тиесілі алғашқы астық партиясы жіберілді. Серіктестік басшысы Әскер Мәмедовтің айтуынша, түркиялық компаниялар қостанайлық дәнді дақылдарға қызығушылық білдіруде. «Қостанайдан Түркияға тікелей бағыт ашыла салысымен біз де мүмкіндікті құр жібермеуге бекіндік. Әуелі бидайдан бастадық. Алдағы уақытта асбұршақ, жасымық сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктерді нарыққа шығаруды жоспарлап ...

Толығырақ »

Қостанайда кооператив басшысы мемлекет қаржысын ұрлаған

Қостанай облысындағы шаруашылық кооперативінің қызметкері ірі көлемдегі мемлекеттік субсидия қаржысын жымқырған. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыстық іс Жітіқара аудандық сотында қаралды. 1966 жылы туған азамат У. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотталды. «Облыс тұрғыны У. өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар жасаған. Ол «Аграрий К» жеке кәсіпкерлігінің балансына құжат жүзінде асыл тұқымды бұқа және аналық ...

Толығырақ »

Қостанайлық актриса ағылшын тілінің бренд елшісі атанды

Қостанайдағы қазақ драма театрының әртісі Нәзира Иман ағылшын тілінің бренд елшісі мәртебесін иеленді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Былтыр Қазақстандағы АҚШ елшілігі ағылшын тілін тереңдете үйренгісі келетіндер арасында байқау жариялады. Конкурсқа қатысушылар ағылшын тілін жақсы білуге деген ынталарын айқындайтын бейнежазбаны жүктеп, әлеуметтік желіге салуы керек болған. «Мен конкурсқа Instagram арқылы қатыстым. Бейнежазбамды «Ютуб» желісіне жүктеп, онда неліктен ағылшын тілін жақсартқым келетінін ...

Толығырақ »

Мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды

Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына енгізілген. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін ...

Толығырақ »