21.02.2018

Қазақстан географиясы оқытылады

Жуырда еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстанның» 2018 жылғы 17 қаңтардағы санында «Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?» атты мақала жарияланған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі көтеріліп отырған мәселені Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның сарапшыларымен бірлесіп зерделеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің географиясын оқу, әрине, білім беру ...

Толығырақ »

Қостанайлық сақшы Әлем чемпионы атанды

Джиу-джитсудан Болгарияда өткен полиция және құқық қорғау органдарының арасындағы әлем чемпионатында қостанайлық спортшы жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әскерилер арасындағы дәстүрлі турнир Болгарияның Банска қаласында өтті. Байрақты бәсекеге қатысқан Қостанай облыстық ІІД қызметкері Олжас Сақаулов 85 келі салмақ дәрежесінде бірден екі медаль ұтып алды. «Әлем чемпионы болу — әр спортшының арманы. Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендік. Құқық қорғау органдары ...

Толығырақ »

Ақбөкенді өлтірген қостанайлықтардан 1 361 400 теңге өндірілді

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және орман шаруашылығына залал келтірілген екі қостанайлықты ұстады. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Азаматтық іс Ақмола облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы бойынша Арқалық қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, ҚР азаматтары А. және В. жеке көлікпен ақбөкенді соғып өлтірген. «Сот отырысында екеуі де тағылған айыпты толықтай мойындады. ...

Толығырақ »

Қоғам және мемлекет қайраткеріне арналды

Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, ұлағатты ұстаз, өткен ғасырдың отра тұсында осы оқу ордасына басшылық жасаған математик-ғалым Асқар Закариннің туғанына 110 жыл толуына арналып «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген жинақтың тұсаукесері болып өтті. Салтанатты жиынды ашқан  ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов Асқар Закариннің отандық жоғары білімді дамытуға қосқан зор ...

Толығырақ »