06.02.2018

Қостанай қаласының іргесінен 11 көп қабатты үй салынады

Соңғы екі жылда Қостанай ауданында 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Ахметов есеп беру жиынында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Аталған үйлер Қостанай қаласының іргесінде орналасатын болады. «Соңғы екі жылда 9 көпқабатты үй тұрғызылды. Бұл құрылыстарға 1 миллиард 304 миллион ...

Толығырақ »

Қостанайда қалың тұманға байланысты ескерту жарияланды

Қостанай облысында қалың тұманның түсуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылды. Енді 7 ақпан күні Қостанай облысының кей жерлерінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол себепті дабылды ескерту жарияланды», — деді «Қазгидромет» орталығының облыстық филиалы кезекші инженер-синтоптигі Наталья Терентьева. Синоптиктер қостанайлық көлік жүргізушілеріне алыс жолға шығарда сақ болуға шақырады. ...

Толығырақ »

Қазақстанда еңбек даулары қалай шешіледі?

Елімізде еңбек дауына қатысты мәселелер қалай шешіледі? Жұмыс беруші мен жұмысшының қандай құқығы бар? Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің сайтында жарияланған материалдарға сүйене отырып, еңбек дауын қалай шешуге болатыны, қызметкердің құқығы бұзылған жағдайда жұмыс берушіге шағымдану үшін қайда жүгінуге болатыны және жұмыстан айырылған жағдайдағы өтемақы төлемдері жайлы материал ұсынады. Кәсіпорын қызметкерінің құқығын бұзған жұмыс берушіге шағымдану үшін қайда жүгінуге болады? Министрліктегілердің ...

Толығырақ »

Қостанайда бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен

Қостанайда соңғы бес жылда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Бұл туралы облыстық әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығында мәлім етілді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған орталық директорының орынбасары Ақбота Алдабергенованың сөзіне қарағанда, Қостанай облысы бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің қатарына енді. Мәселен, 2015 жылы 12 729 нәресте дүниеге келсе, 2017 жылы 11 707 сәби туған. «Қолда бар деректерге ...

Толығырақ »