Қостанайлық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді

Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде қостанайлық Жан Кособуцкий өзінің төртінші кездесуіне шықты деп жазады «Біздің Қостанай» газеті.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді. Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осы жеңісінен соң Жан Кособуцкий әлемдік рейтингтегі жағдайын біраз жақсартып, 345-орынға көтерілді.

Айта кетейік, тағы бір қостанайлық кәсіпқой Иван Дычко 261-орында келеді. Белгілі болғандай, Жан Кособуцкий келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізеді.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *