Облыс орталығындағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер ауыз судан ажырады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қостанай Су» коммуналдық мекемесінің баспасөз хатшысы Мая Ақбасованың айтуынша, ауыз судың тоқтатылуына апаттық жағдайлар себеп болған.
«26 ақпан күні таңғы 07:38-де Амангелді-1 мамыр көшелерінің қиылысындағы құбыр желісінің істен шыққаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар су беруді тоқтатты. Сол себепті бірнеше көшенің бойындағы тұрғын үйлер ауыз судан ажырап қалды. Жөндеу жұмыстары бүгін аяқталды» деді М.Ақбасова агенттік тілшісіне.
Кейін анықталғандай, көше қиылысындағы диаметрі 200 мм құбыр желісі жарылған.
«Қостанай Су» мамандарының айтуынша, құбыр 48 жылдан бері пайдаланылып келеді.
inform.kz