Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысындағы бірнеше жол бағыттары жабылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ауа райының құбылуына байланысты 13 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола-Арқалық-Қарағанды облысы шекарасының 252-377 шақырымы) тасжолы барлық көлік түрлері үшін жабылды» деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Сондай-ақ, боран түсіп, жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстық маңыздағы «Арқалық-Торғай» (Арқалық-Амантоғай бағытының 0-98 шақырымы) тасжолындағы көлік қозғалысы шектелді. Күн райының бұзылуына орай қостанайлық құтқарушылар көлік жүргізушілерге барынша сақ болуды ескертеді.
inform.kz